TG Telegram Group Link
Channel: ҚР Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі
Back to Bottom
ПӘ Қоғамдық қабылдауына, жеңілдетілген шарттармен баспана сатып алуға немесе арендалық пәтерге орналасуға көмек сұрап, қиын жағдайға тап болып қалған жастар да жиі өтініш түсіріп жатады.

Елдегі үш мегаполисте – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте – еңбек етіп жүрген жастар үшін, сатып алу мүмкіндігінсіз арендалық бспана алу бағдарламасы ашылған. Астанада құжаттарды қараша айының 5-інен 10-ына дейін қабылдайды. Ал, Алматыда 200-дей өтініш қабылданып та қойды.
2019-шы жылы осы үш қалада жұмыс істеп жүрген жастарға 5 жыл мерзімге 3 мың пәтер ұсынылатын болады. Болжамдағы аренда құны 15 мыңнан аспауы керек, ал, пәтер аумағы 40 шаршы метрден кем болмайды.
Үш жыл ішінде осындай 9 мың пәтер қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр, ал, 2022-ші жылдан бастап, бұл бағдарлама басқа да аймақтарды қамтитын болады.
Бағдарламаға қатысу үшін, баспанаға ие болғысы келетін қалада, кем дегенде, екі жыл тұруы шарт. Жеңімпаздар келесі шарттар бойынша жиналған ұпай санымен анықталады:
1) Қазақстан Республикасы үкіметі 2018-ші жылдың 13-ші қарашасы күні өзінің № 746 қаулысымен бекіткен, өнімді еңбек және бұқаралық кәсіпкерлік туралы Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, тұрғындарды еңбекпен қамту мәселесіне жауапты құзырлы орган бекіткен, рынокта мейлінше сұранысқа ие жүз (100) кәсіп тізіміне сай, кәсіпті игерген өтініш иесіне – 10 ұпай;
2) Отбасы бар болса – 5 ұпай, тіркелген некеде өткен әр жылға – 2 ұпай,
3) 1 (бір)баласы үшін – 1 ұпай, бұдан кейінгі әр баласы үшін – 2 ұпай;
4) Кем дегенде, 1 жыл жеке кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін – 5 ұпай, әр жылы үшін – 1 ұпай;
5) Өтініш иесінің қызметтің түрлі саласында жеткен жетістіктері үшін – 2 ұпай;
6) Бюджеттік мекемедегі(мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда) еңбегі үшін – 5 ұпай, әр бір жыл өтілі үшін – 1 ұпай;
7) Екінші деңгейлі банктегі жинақ шотында жинақтарының әр жылы үшін – 2 ұпай саналады.

Ұпай саны тең түсіп жатса, өтінішін ертерек берген қатысушы басым түседі. Естеріңізге сала кетейік, 2019-шы жылдың 23-ші қаңтарында Жастар жылының ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент тәрізді ірі қалаларда, еңбек етуші жастар үшін жыл сайын, кем дегенде, 1 мың пәтер салуды тапсырған болатын.
2020-шы жылдың қаңтар айынан бастап, көп балалы отбасыларына төленетін адрестік әлеуметтік көмекті бөлу ережесі өзгеретін болды. Естеріңізге сала кетсек, ПӘ Қоғамдық қабылдауына азаматтардан түсетін өтініштердің басым бөлігі осы АӘК- ке қатысты болып келеді.

Бірер күн бұрын, Мәжілістегі үкімет сағатында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, ашықтық пен әділдікті және еңбекке ынталандыруды, сондай-ақ, әлжуаз отбасындағы балаларға арналған кепілді әлеуметтік пакетті енгізу мақсатында, АӘК бөлудің тетіктерін үйлестіруге мүмкіндік беретін жаңа Заң жобасымен таныстырған болатын.

Бұл Заң жобасы 2020-шы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, кәмелетке толмаған, болмаса күндізгі оқу бөлімінің студенті болып табылатын 23 жасқа дейінгі, 4 немесе одан да көп баласы бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы төлеу мәселесін қарастырады. Бұл жәрдемақы, отбасы табысын есептемей-ақ, дифференциалды(сараланған) мөлшерде: 4 баласы бар отбасына – 42 496 теңге; 5 баласы бар – 53 127 теңге; 6 баласы бар – 63 757 теңге; 7 және одан да көп баласы бар отбасына – 74 388 теңге.

Кепілді әлеуметтік пакетті бөлу аясында әлжуаз отбасыларындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлікпен және тазалық бұйымдарымен, ал, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды – мектепте ыстық тамақпен, оқу құралдары және мектеп киімімен қамтамасыз етіп, олардың мектепке дейінгі жол ақысын өтеу қарастырылған. Тісін емдетуі де қарастырылған, медициналық көмек, 18 жасқа толмаған балалар үшін, кепілді тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандару аясында көрсетілетін болады.
ПӘ Қоғамдық қабылдауына өтініш түсіретін азаматтар жиі көтеретін тақырыптың бірі – ҚР белгілі бір топтағы азаматтарының тегін дәрі-дәрмек алу мәселесі.
Кәзіргі уақытта, тегін амбулаторлық дәрім-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша, қолданып отырған ондай дәрілердің тізімі бар. 2020-шы жылы тегін берілетін дәрілердің тізімі кеңейтілетін болады. Кәзіргі күндері, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрігінде, соған сәйкес бұйрық жобасы әзірлену үстінде.
Жаңа дәрілерді қазақстандықтар 1-ші сәуірден бастап алатын болады.
18 жасқа толмаған балалар үшін диспансерлік бақылауды талап ететін сырқат (оның ішінде, сирек кездесетін орфан ауырулары, ауыр сырқаттар) кезінде қажет майлылықты төмендететін препараттар, буллезді эпидормолизмге шалдыққан сырқаттар үшін таңу материалдары, аллергияға қарсы қолданатын препараттар және т.т. тегін болады.
Көптеген препараттар әләеуметтік сақтандыру аясында тегін беріледі.
Тек, рецепсіз сатылатын, немесе емдеу хаттамасына енбеген препараттар ғана ақылы болады.
Қазақстандықтар емі үшін, тегін дәрі алуғаа болатын сырқаттардың қолданыстағы тізімі мен сол дәрі-дәрмектер тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1700015724.
Амбулаторлық деңгейде тегін дәрі-дәрмек алу үшін, пациент келесі рәсімді сақтауы тиіс:
-өзі тұратын мекен-жайы қарайтын емхананың тізімінде бекітілуі;
-диспансерлік есепке тұрып, дәрігерердің, соның ішінде, учаскелік терапевтің немесе салалық маманның бақылауында болуы;
-егер сырқат түрі денсаулық сақтау миистрінің №666 бұйрығымен бекітілген тізімге енген болса, тегін рецепт алу. Мұндай рецепті тек учаскелік дәрігер мен медицина мекемесінің салалық мамандары ғана жазып бере алады;
-рецепт арқылы дәріні тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында қызмет көрсетуші болып табылатын дәріханадан(емхана жанындағы) алу.
Дәрі-дәрмекті алмақшы пациенттің өзімен бірге жеке куәлігі мен рецепті болуы міндетті.
Рецепт арқылы жіберілетін дәрі-дәрмек бір пациентке айына бір рет қана беріледі. Жазып берген препарат мөлшері ем қабылдау мерзімін ескере отырып көретіледі, ал, ұзақ мерзімді емге мұқтаждар үшін, үш ай уақытқа есептеледі.
Егер де фармацевт дәріні тегін бергісі келмей, ол үшін ақы талап етсе, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан құрылған, Дәрі-дәрмек ақпараттық-сараптамалық орталығына жедел желінің 1439 нөмірі арқылы хабарласуыңызға болады.
ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау Бөлімі 2019 жылдың екінші жартысында атқарылған істердің қорытындысын шығара бастады.
Өтініш білдірген азаматтардың тілектеріне жүргізілген мониторинг Бөлім жұмысы Қасымжомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында жариялаған "Еститін мемлекет" концепциясымен үндес келгенін көрсетті. Бөлімнің кәзіргі құрамында жұмысын бастаған шақтан бастап, 2018-ші жылдың балама кезеңімен салыстыра қарасақ, азаматтардың өтініш білліруі 83%-ке артқан. Қабылданған адамдардың саны екі есеге өсіп, қаурыт күндері қабылдау жиілігі 7-8 есеге артқан. Президент Көмекшісі- өтініштерді қарастыруды бақылау Бөлімінің жетекшісі Аида Балаева мен оның қызметкерлері 2019-шы жылдың тамыз айынан бергі мерзімде 17 қабылдау барысында 1269 азаматты (көшпелі қабылдауды қоса есептегенде 1769 адам) қабылдап, өтініштердің 90%-ға жуығы ПӘ бақылауына алынды(қалған өтініштерді бақылауға алудың қажеті болмады).
2019-шы жылдың сәуір айында Қ. Тоқаевтың тапсырмасымен "ПӘ виртуалды қабылдау бөлімі" жұмыс істей бастаған еді. Ол ашылғалы бергі мерзімде 6340 өтініш түсіп, оның 1641 тікелей Бөлімге жолданған болатын.
Жұма күні Нұр-Сұлтан қаласында мүгедек жандардың проблемасын көтерген дөңгелек үстел өтіп, оның жұмысына мемлекеттік органдар мен мүмкіндіктері шектеулі жандар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Бұл дөңгелек үстел ҚР Президентінің көмекшісі Аида Балаева жетекшілік жасайтын азаматтардың өтінішін бақылау Бөлімінің бастамасымен жиналды. ПӘ Қоғамдық қабылдауына мүмкіндіктері шектеулі жандар қоғамының мүшелері жиі өтініш түсіріп, мемлекет тарапынан көбірек көңіл ауадара отырып, тұрмыс деңгейін жақсартуды сұрайды. Жалпы республикалық азаматтарды қабылдау күнін өткізу барысында, Аида Балаева Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдеріне мүгедек жандарды қолдау мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өткізуді тапсырған болатын.
Министрлік қолданыстағы бүкіл нормативтік актілер мен бағдарламаларды сараптап шығып, Қоғамдық қабылдауға Нұр-Сұлтанда, Алматы, Шымкент қалаларында, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Атырау облыстарындағы фронт-офиске және көшпелі қабылдау барысында өтініш түсірген мүмкіндіктері шектеулі жандардың арыз-шағымына орай, қоғамдық беленділермен селекторлық мәжіліс өткізіп, сол ұсыныстарын ескере отырып, өзекті мәселелерін анықтады. Өтініштерді бақылау Бөлімінің қатысуымен, Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министрлігі бұл саланы реттеп отырған барлық стратегиялық құжаттарды тексеріп, сараптап шықты. Негізгі құжат болып, мүгедек жандардың өмір сапасын жақсарту туралы 2025-ші жылға дейін қабылданған Ұлттық жоспар қала береді.
Өтініштерді бақылау Бөлімінің мамандары жыл бойғы жұмыстары барысында мүгедек жандардан түскен әрбір арыз-шағымды мұқият қадағалап отырған болатын, сондықтан да, дөңгелек үстел өткізу туралы бастама көтеріп қана қойған жоқ, оны дайындау жұмыстарына да белсене араласып, бұл саладағы мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін сараптады.
Бөлім мамандары, Ұлттық жоспардың жүзеге асуы үшін, тек профильді министрлік қана емес, ең алдымен, барлық деңгейдегі әкімдіктер де жауапты болуы керек деп санайды. Сонымен бірге, бұл іске барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен елдегі бүкіл үкіметтік емес ұйымдардың араласқаны аса маңызды, ал, жұмыстың әр кезеңін бақылау арқылы, азаматтардың барлық наразылықтарына көңіл бөле отырып, дер кезінде үйлестіріп отыру қажет.
Президенттің Көмекшісі А. Балаева бұл бағытта жүйелі жұмысты ұйымдастырудың маңызын атап өтіп, назарын ведомоство аралық өзара тиімді жұмыс жүйесін(бәрінен бұрын, министрліктер мен әкімдіктердің арасында) қалыптастырудың қажеттігіне және мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында тығыз байланыс орнату мәселелеріне аударды.
Өтініштерді бақылау Бөлімінің бастамасымен өткен дөңгелек үстел жүйелік деңгейдегі әлеуметтік проблемаларды өзара диалог құра отырып та шешуге болатынын көрсетті.
Азаматтардың өтінішін орындау барысын бақылау Бөлімі 2019-шы жылғы өз жұмысын қорытындылады.
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігіне азаматтардан 22 мыңнан астам өтініші түсіп, олардың жартысынан астамы (12 мың) орталық мемлекеттік органдардың құзырына бағытталса, 4 мыңнан астамы – жергілікті атқарушы органдардың, 6 мыңға жуығын қарастыру орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ортақ құзырына жатады.
2019-шы жылдың сәуір айында мемлекет Басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Виртуалды қабылдауы» жұмыс істей бастап, мұнда 6 мыңнан астам өтініш келіп түсті.
Бөлім ҚР Президенті Әкімшілігіне түсіп жатқан өтініштердің 90 %-ке жуығын бақылуына алып, оларды мемлекеттік органдардың қарастыратын барлық кезеңдерін қадағалап отырды.
Президент Көмекшісі – өтініштерді қарастыруды бақылау Бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мен оның қызметкерлері 2019-шы жылдың тамыз айынан бастап, аймақтардағы көшпелі қабылдауларды қоса алғанда, жеке өздері 1,3 мың адамды қабалдады.
Бөлім, белгілі бір өтініш бойынша ведомство аралық өзара бірлескен әрекетті, өтініш түсірушінің арыз-шағымы бойынша заңнамалық сараптама жасауды және оған мемлекеттік органдардың жауап беруін үйлестіріп отырады; өтініш түсірушімен екі арада байланыс орнатады; жеке кейстер бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың салалық мамандарынан құралған жұмыс топтарын жасақтайды.
Бөлім өз жұмысында кейбір жаңашылықтарды қолданады:
-әкімдіктердің ресми сайттары мен аймақтық БАҚ беттерінде алдын ала жариялап барып, аймақтарда азаматтарды қабылдаудың көшпелі рәсімі енгізілді (Бөлім құрылғаннан бергі мерзім ішінде 8 облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда көшпелі қабылдаулар өтті);
-құқық статистикасы Комитетімен бірлесе және ҚР Бас Прокуратурасының арнайы есеп-қисаптарын ескере отырып, өтініштермен жұмыс істеудің Бірыңғай нұсқауы әзірленді (жоба мемлекеттік органдардың келісімін алған, енді бекітілуге дайындық үстінде);
-Бас прокуратурамен бірлесе отырып, мемлекеттік органдардың өтініштермен жұмыс істейтін бірыңғай платформасы – «Е-өтініш» жобасының пилоттық нұсқасын іске қосу дайындық үстінде;
-ҚР Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдауы әлеуметтік желілерде де белсенді қызмет атқаруда (Қоғамдық қабылдаудың Telegram және Youtube платформаларында қазақ және орыс тілдерінде өз арналары жұмыс істеп тұр (6000-нан астам адам жазылған));
-бастапқы сараптама жұмысын сапалы түрде өткізуге мүмкіндк беретін, тәуелсіз заңгерлер жасаған қорытындыларды да қолдану ісі жүзеге асырылып келеді;
- ПӘ Қоғамдық қабылдауының колл-орталығы құрылды;
Нұр-Сұлтан және басқа да қалалардағы фронт-офистерде өтетін қабылдау кезінде аймақтармен бейнеконференция байланысын қолдану тәжірибесі енгізілді;
Жалпы алғанда, Бөлім жұмысы «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған.
Біз бүгін әлеуметтік төлемдер мен бюджет қызметкерлерінің жалақысы мәселесіне қатысты, 2020-шы жылдың 1-ші қаңтарынан қолдана бастайтын,​ жаңадан енгізілген кейбір ережелер туралы түсініктеме ақпарат беруді бастамыз.

Жаңа жылдан бастап, Қазақстанда күн көріс минимумы 1500 теңгеге көбейтіліп, 31​ 183 теңгені құрады.

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК), енді, 2 651 теңгені құрайтын болады.

Ең аз жалақы көлемі де өзгеріп, 42​ 500 теңге болды.

Әскери қызметкерлер мен арнайы мелекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сонымен бірге, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегілер үшін бөлінетін жалға алынатын баспана мен коммуналдық қызмет үшін төленетін айлық өтем ақы 3​ 739 теңгені құрайды.​

Мұғалімдердің жалақысы 25%-ке, мәдениет саласы қызметкерлерінікі - 35-50 %-ға, әлеметтік саладағылардікі - 30-60 %-ға артты. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие ұстаздар үшін 1000 АЕК мөлшерінде бір реттік өтемақы, ал, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік білім мекемелерінде және әскери оқу орындарында қызмет ететін, магистр деңгейіндегі оқытушыларға – 10 АЕК мөлшерінде бір реттік өтемақы қарастырылған.​ ​

Ынтымақтас зейнетақы 7 %-ға өсіп, оның ең аз мөлшері 38​ 636 теңгені құрайды. Мемлекеттік базалық зейнет төлемім 7 %-ға көтеріліп, оның ең аз мөлшері 16​ 839 теңгені құрады. ​ ​ ​

1-ші қаңтардан бастап, күн көріс мөлшерінің өзгеріске ұшырауына орай, мүгедектігі және асыраушысынан айырылғаны үшін төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері өсті.

Мүгедектере төленетін ақша сомасы, мүгедектік тобына қарай, 32​ 431 теңгеден 59​ 872 теңгеге дейін соманы құрайды.

Асыраушысынан айырылғаны үшін төленетін жәрдемақы көлемі, асырауындағы жандардың санына қарай,​ 26​ 818-нан 65​ 797-ға дейінгі соманы құрайды. Ал, тұла жетімдер әр қайсысына 36​ 796 теңгеден алады, бірақ, ол отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері үшін 79​ 829 теңгеден аспауы керек.​ ​

Бала туғанда төленетін бір реттік жәрдемақы мөлшері де өзгерді: тұңғыш, екінші және үшінші бала үшін – 100​ 776 теңгеге, ал төртінші бала үшін – 167​ 076 теңгеге.

Жұмыс істемейтін әйелдерге, бір жылға дейін, бала күтімі үшін төленетін айлық жәрдемақы: тұңғыш бала үшін – 15​ 276, екінші балаға – 18​ 061, үшінші балаға – 20​ 819, төртінші және одан кейінгі перзенттерге – 23​ 603 теңге болып өзгерді.
Біздің арна оқырмандарын Қазақстандағы әлеуметтік салада 2020-шы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енген кейбір өзгерістермен таныстыруын жалғастырады.
Сонымен, көп балалы аналарға – «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, бұрынырақта «Батыр ана» атағын иеленгендерге, I және II деңгейлі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандарға ай сайын төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі, олардың табыс көлеміне қармастан, 16 973 теңгені құрайды.
Бала асырап алған, қамқорлығына алған(қамқоршы, тәрбиеші), мүгедек баланы тәрбиелеуші анаға немесе әкеге, бала кәмелет жасқа толғанға дейін, төленетін жәрдемақы көлемі 43 657 теңгені құрайтын болады.
Дәл осындай көлемдегі жәрдемақы туғаннан бірінші топтағы мүгедек саналатын жандардың күтімі үшін де төленіп отыратын болады.
Сондай-ақ, еңбек етуге жарамай қалғанда, асыраушыдан айырылғанда және жұмыссыз қалғанда тағайындалатын төлемдер көлемі де өзгерістерге ұшырап, ол орта есеппен 30%-ға өсті. Жұмыссыз қалған, бірақ, бұған дейін 100 мың теңге мөлшерінде орташа айлық табысы болған және 5 және одан да көп жыл әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысушы өтілі бар жандар үшін төлемдер сомасы 30 000 теңгеден 41 600 теңгеге дейін өсті.
4 және одан көп кәмелетке толмаған баласы немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылары үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы бөлінетін болды. Ол отбасының табысына қарамастан, дифференциалды мөлшерде тағайындалады:
• 4 баласы бар отбасына – 42 496 теңге;
• 5 баласы бар отбасына – 53 127 теңге;
• 6 баласы бар отбасына – 63 757 теңге;
• 7 және одан да көп баласы бар отбасына – 74 388 теңге;
2020-шы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, студенттер стипендиясы 25 % өсті. Енді, бакалавриатта оқитын тәлімгерлер стипендиясы 26 186 теңгені, ал, магистратурадағы студент ақысы – 66 913 теңгеге, докторантурадағы тәлімгердікі – 102 492 теңгеге көтерілді.
Азаматтардың белгілі бір санатына баспананы жеңілдікпен беру,бүгінгі күндері, Қазақстанда өзекті болып тұрған мәселенің бірі.
Осы мәселеге орай, өтініштерді бақылау Бөлімі «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламсының 2020 – 2025 жылдарға ұзартылғанын хабарлайды.
Бастапқы міндеттегі «Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру» аясында, анықтаушы фактор ретінде тұрғындардың табысы қарастырылатын, баспана қолжетімділігінің баспалдағы енгізілетін болды.
Отбасы мүшелерінің табысы, бір адамға шаққанда, бір күн көріс минимумына пара-пар (29,7 мың теңге) кезекте тұрғандарға сатып алу құқынсыз арендалық баспана беріледі (жетім балалар, 1 жжәне 2 топ мүгедектері, зейнеткерлер, т.б.).
«Бақытты отбасы» бағдарламасы, бұрнағы кездегідей-ақ, 2 күн көріс минимумы көлемінде (59,4 мың теңге) табысы бар кезекте тұрғандарға (көп балалылар, толық емес және мүгедек баласы бар отбасылар) қолжетімді болады.
Табысы 3,1 күн көріс минимумына тең (92 мың теңге) кезектегілер әкімдіктер,«5-20-25» бағдарламасы бойынша, жүзеге асыратын (әскери қызметтегілер, бюджеттен жалақы алатындар, мемлекеттік қызметкерлер) несиелік баспанаға үміт арта алады.
Ал, табысы 3,1 күн көріс минимумынан асатын азаматтар үшін «7 – 20 – 25» бағдарламасы бар.
5 күн көріс минимумынан да жоғары (148,5 мың теңге) табысы бар отбасылар, жаңа және қолданыста болған баспана сатып алуы үшін, кәзіргі рыноктағы түрлі өнімдерді («Баспана-хит» -ХБ, «Орда» - ҚИК, «Өз үйім» - ТҚЖБ) пайдалана алады.
Баспана бөлу/алу процесінің ашық болуы мен бірыңғай жүйелі есеп жүргізу мақсатында, кезекте тұрғандардың Бірыңғай республикалық базасы енгізіледі. Бұл базаның деректері арқылы кезекте тұрғандар үшін баспананың қолжетімділігі анықталып, мемлекеттік жәрдемнің тура адресін табуын және оның пайдаға тиімді асуын қадағалап отыруға мүмкіндік туады.
Біздің Бөліме өтініш түсіретін азаматтар көтеретін ең өзекті проблема – әлеуметтік көмек мәселесі. Бүгін 2020 жылы мемлекет әлжуаз отбасыларына қандай көмек көрсететіні туралы айтып береміз.

АӘК тағайындалған кезеңде, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 233 168 бала, ай сайын, азық-түлік пен гигиенаға қажет бұйымдардан тұратын кепілді пакет алып тұратын болады. ​

6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар (376​ 428 бала) 170 күн бойы оқу орынында тегін тамақ ішіп, жыл сайын мектеп киімімен қамтылады, жылына бір рет сабаққа қажет бұйымдар алады, оқу жылы кезеңінде олардың жол ақысының 50 %-і өтелетін болады.​ Бұдан бөлек, МӘМС және ММТМК аясында бұл балаларға медициналық және стамотологиялық​ көмек тегін көрсетіледі. ​

Әлжуаз отбасыларының 1жастан 6 жасқа дейінгі балаларына, оның ішінде 1 жастан 3 жасқа дейінгі баларға арнайы, бөлінетін ай сайынғы мемлекеттік әлеуметтік көмек пакетінің құрамы:

- 2,5% ультратазаланған сүт, кем дегенде 2 л.
- құрамы темірмен, С, В витаминдерімен байытылған, 5 айдан бастап жеуге болатын баллар пеяеньесі, кем дегенде 180 гр.
- 6 айдан асқан балалар үшін гиппоалергендік баллар ботқасы, кем дегенде 320 гр.
- түрлі гиппоалергендік балалар пюресі, кем дегенде 1210 гр.​
- сұлы жармасының қауызы, кем дегенде 800 гр.

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларға арналған азық-түлік пакеті:

- 2,5% ультратазаланған сүт, кем дегенде 2 л.
- бидайдың қатты сорттарынан жасалған макарон, кем дегенде 800 гр.
- қапталған сұлы қауызы, кем дегенде 800 гр.
- күнбағыс майы, кем дегенде 0,8 л.
- классикалық гематоген, кем дегенде 240 гр.
- таңертең жейтін​ тұтас дақылдар қосылған жастықша сүт, кем дегенде 250 гр.​ ​
- балалар печеньесі, кем дегенде 400 гр.
- рпа жармасы, кем дегенде 1 кг.
- қарақұмық жармасы, кем дегенде 1,6 кг.
- шақпақталған бұршақ, кем дегенде 800 гр.
- ұнтақ жарма, кем дегенде 700 гр.
- табиғи бал, кем дегенде 200 гр.

​Сонымен бірге, пакетте 1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың күтіміне қажет бұйымдар да бар:

- түтікке салынған балалар кремі, кем дегенде 45 мл.
- гиппоаллергенді крем-сабын,​ кем дегенде 100 гр.
- балалар тіс пастасы, кем дегенде 50 мл.
- кір сабын, кем дегенде 200 гр.
- балалар су сабыны, кем дегенде 200 мл.
- тіс щеткасы, 1 дана
- кір жуатын ұнтақ, кем дегенде 800 гр.

​Бұдан әрі қарай, біз сіздерді әлжуаз отбасы балаларына көрсетілетін мемлекеттік көмек аясындағы мектеп киіміне және мектепке қажет бұйымдарға жататын тауарлар тізімімен таныстырамыз.
Біз өз оқырмандарымызды 2020-шы жылы мемлекет әлжуаз отбасыларының балаларына қандай көмек көрсететінін туралы құлақтандыруды жалғастырамыз.

Жеңілдетілген жол ақысы, мектептегі тегін тамақ пен азық-түлік пакетінен​ бөлек,​ мемлекеттік әлеуметтік көмек аясында 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға мектеп киімі мен сабаққа қажет бұйымдар беріледі.

Ұл балаларға арналған мектеп киімі мыналардан тұрады:

- пенжек;
- жилет;
- шалбар;
- салтанатты жейде;
- күнделікті жейде;
- тоқымалы жилет.

Қыздар болса:

- пенжек;
- жилет;
- белдемше;
- классикалық​ жейде;
- тоқымалы жилет;
- сарафан алатын болады.

Бастауыш мектеп оқушылары үшін жазуға қажет​ және мектеп бұйымдарының қатарында мыналар бар:

- арқа қоржын;
- күнделік;
- жәй дәптер (20 дана);
- пенал (қаламсауыт);
- сурет салатын альбом;
- шарлы автоқалам (5 дана);
- жәй қарындаштар (10 дана);
- тысқап (15 дана);
- сызғыш;
- өшіргіш.

Орта буындағы оқушылар:

- арқа қоржын;
- күнделік;
- жәй дәптер (20 дана);
- жалпы дәптер (10 дана);
- пенал (қаламсауыт);
- шарлы автоқалам(5 дана);
- жәй қарындаштар (10 дана);
- тысқап (15 дана);
- сызғыш;
- өшіргіш.

Жоғарғы сынып оқушыларына арналған жиынтық:

- арқа қоржын;
- күнделік;
- жәй дәптер (20 дана);
- жалпы дәптер (10 дана)
- пенал (қаламсауыт);
- циркуль;
- сурет салатын альбом;
- шарлы автоқалам (5 дана);
- жәй қарындаштар (10 дана);
- тысқап (15 дана);
- сызғыш;
- өшіргіш.
ҚР азаматтардың өтінішін қадағалау Бөлімі өз жұмысын күшейтілген режимде жалғастырып жатыр.
Қазақстанның түрлі аймақтарынан жұртшылық ПӘ Қоғамдық қабылдауының фронт-кеңсесіне, әлі де болса, өтініш түсіріп жатыр, алайда, жергілікті атқарушы органдардың да, азаматтарды қабылдау барсында, жоғары белсенділік танытып жатқанын айта кеткеніміз жөн болар. Бұл, тек, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың басшылығына ғана емес, азаматтарды тиімді және тұрақты түрде қабылдап жатқан барлық деңгейдегі әкімдіктерге де қатысты.
Адрестік әлеуметтік көмек, мүгедек жандарға жәрдемдесу, ТКШ проблемалары сынды және т.б. әлеуметтік сипаттағы көптеген мәселелер шешімін тауып жатыр. Дегенмен де, жеңілдетілген баспана алуға қатысты мәселенің шешімі, сәл де болса, күрделірек. Бұл проблема, тек қана, заңмен бекітілген тәртіп аясында және тек кезек ретіне сәйкес қана шешіледі. Осы тұста, біздің арнада бұрындары да жазылған, азаматтардың кейбір санатына мемлекет, белгілі бір жағдайға орай, жеке меншікке немесе уақытша тұруға баспана беретін шарттар қарастырылған бірқатар мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылып жатқаны туралы, тағы да бір рет, еске салып кетпекшіміз.
ӘП Қоғамдық қабылдауының фронт-кеңсесіне түсіп жатқан арыз-шағымның басым бөлігі күштік құрылымдардың шарасыздығынан немесе іс-әрекеттеріне қанағатсыздықтан туындап жатады. Олардың кейбірі жұмыс барысында шешіліп немесе ПӘ бақылауына қойылып жатады, дегенмен де, бұл сынды істердің көбісі немесе сотқа тапсырылған, ал, көбісінің шағым жасау мерзімі аяқталған. Ал, Президент Әкімшілігінің, заңға сәйкес, сот ісіне араласатын құқы жоқ екекені белгілі.
Азаматтардың өтініштерін бақылау жөніндегі Бөлімге алған жауаптарына көңілі толмайтын жандардан қайтара шағымдар да түсіп жатады.
Мұндай арыздар қашан да жіті қарастырылады.
Бөлім үшін қайтара түскен шағымның себебін түсіну және шағым иесіне қалай көмек көрсетуге болатыны маңызды.
Алайда, өкінішке орай, қайтара шағым түсірушілердің арасында құқылық та, логикалық та аргументтерді қабылдай қоймайтын «бірбеткейлер» де кездесіп жатады.
Мұндай жандар, қайта-қайта жазған арызы қарастырылмағаны үшін де үздіксіз шағым (кейбірі жылдар бойы) түсіре береді. Осыған байланысты, Бөлімнің өзіне келіп түскен бар арыз-шағымды бөліп-жармай қарастыратынын білген жөн. Оның үстіне, Бөлім өз жұмысы барысында тек ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарастыру тәртібі туралы» Заңының нормаларын жетекшілікке алады.
Аталған Заңның 11-ші бабына сәйкес, қайтара түскен шағым-арызда жаңа дәйектер немесе енді ғана белгілі болған жағдайлар туралы айтылмаса, ал бұған дейінгі материалдарда тексерістің егжей-тегжейлі қорытындысы келтірілсе, шағым түсірушіге толық мәністе жауап берлген болса, шағымды қарастыру доғарылады.
Мемлекеттік органдар да, белгілі жағдайға қатысты фактілер қайталанса, шағымды әрі қарай қарастырудың жөнсіз екенін жетекшіліккке ала оытырып, хат алмасуды тоқтатады (бұл әрекет те заңнамаға сай).
Бір өкініштісі, көптеген шағым түсірушілер қолданыстағы заңнама нормаларын біле бермейді де, өзіне тиімді жауап ала алмаған соң, мемлекеттік органдар өз арыздарын қарастырмай отыр-мыс деген, шындыққа жанаса бермейтін, ақпарат та таратады.
Әрине, әр бір жағдай өзінше ерекше.
Осыған қарамастан, Бөлімнің сот процестеріне араласа алатын құқы жоқ екені туралы; қарастырар мерзімі өтіп кеткен сот дауын қайта қалпына келтіре алмайтыны туралы; жеңілдікпен берілетін баспана кезегін өзгертуге құқы жоқ екені туралы еске сала кеткіміз келеді.
Сондай-ақ шағым түсірушілер әлеуметтік желілердегі жеке жіне корпоративті аккаунтарда жариланған комментарийлер мен жазбалар, БАҚ редакцияларына жіберілген хаттар мен басылымдар бетінде жарық көрген мақалалар мемлекеттік органдарға ресми өтініш ретінде саналмайды.
Өтініш қарастырылуы үшін, шағым түсірушінің аты-жөні, тұрғылықты мекен-жайы және байланыс ақпараты туралы толық жазылып, арыз-шағым нақты адреске жіберілуі керек.
Шағым түсірушіге ыңғайлы болуы үшін, сонымен бірге, e-gov порталы мен мемлекет Басшысының виртуалды қабылдауында өтініштерді қабылдауға арналған онлайн-платформалар жұмыс істеп тұр.
Осылайша құрылған ыңғайлы шарттар азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенеміз.
Биыл Қазақстанда, Бас прокуратура азаматтардың өтінішін қадағалау Бөлімімен бірлесе отырып әзірлеп жатқан, «Е-Өтініш» деген атаумен жаңа ақпараттық жүйе іске қосылады.
Жобаның басты мақсаты – азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініш беру процесін барынша оңайлатып, олардың қарастырылуын бақылауды жетілдіре түсу.
Бүгінгі күндері, Қоғамдық қабылдау мен мемлекеттк органдарға өтініш жасамақшы қазақстандықтар жүйелі түрде кедергілер тудырып, мемлекет пен қоғам арасындағы екі жақты байланысқа зиянын тигізіп отырған бір қатар проблемаларға тап болып жатады.
Бұл проблемалардың кешенді түрдегі толық шешімі, «Е-Өтініш» жүйесі арқылы жүзеге асатын, процесті автоматтандыру болып табылады.
Біріншіден, мемлекеттік органдар арасында өтініштерді автоматты түрде бөліп беру арқылы артық іс-әрекеттен құтыламыз – шағымданушы тек бір рет қана өтінішінің электронды нұқсасын толтырса жеткілікті болады. Қолданушы сервистің көмегімен оның түріне, саласына және сұрақтың сыйпатына қарай таңдау жасайды. Таңдап алынған параметрлер бойынша, жүйе автоматты түрде құзырлы органды анықтайды, ал шағым беруші өтініш мәтінін жазады немесе дайын құжатты қыстырады. Бұдан соң, құжат тиісті органдарға жөнеледі.
Екіншіден, өтінішті қарастыру процесі де оның мерзімін қысқартуға орай сәйкестендірілген. Мемлекеттік органдар шағымданушының басқа органдарға түсірген өтінішінің тарихын еш тапсырыс бермей-ақ пайдалану мүмкіндігіне ие болады – бүгінгі күндері мұндай тапсырысты алуға 15 күнге дейін уақыт кетеді.
Үшіншіден, кері байланысты жақсарту үшін, шағымданушы жауапты орган туралы, кім орындайтыны туралы және қанша уақытта қарастыратындары туралы толық ақпаратқа қол жеткізетін болады.
Төртіншіден, жауап сапасын бағалайтын қызмет(сервис) енгізіледі. Соның нәтижесіне қарай, мемлекеттік органдардың жұмысы сәйкестендіріліп отырады.
Бесіншіден, «Е-Өтініш» жүйесі осы заманғы сараптамалық құралдармен жабдықталады.
Бөлім, алынған ақпаратты пайдалана отырып, аймақтардағы жағдайдың қалай өрбіп жатқанын қадағалайтын және дер кезінде шешім қабылдай алатын мүмкіндікке ие болады.
Мемлекеттік органдар берген жауаптар да осындай жүйелік сараптаудан өтеді, бұл сырғытпа жауап беру фактілерін анықтап, белгілі бір салада өтініштерді қарастырудың біртұтас практикасын қалыптастыруға себеп болады.
Осылайша, жүйе келесі бір түйінді мәселелерді шешеді:
- бөлек-бөлек коммуникация арналарын біріктіреді;
- шағым түсіру тәртібін бір стандартқа келтіреді;
- шағым түсірудің бірыңғай реестрін құрады;
-деректер базасын өзара байланыстырып, өтініштерді қарастыру процесі оңтайлана түседі;
- өтініштерді қарастыру сапасын қадағалауды қамтамасыз етеді;
- ел-жұрттың проблемасын тез анықтап, шапшаң шешуге көмектеседі.
Бұл мәселелердің оң шешімі «Құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру үшін қажет.
Осы уақыттары «Е-Өтініш» жүйесі сынақтан өткізіліп жатыр. Биылдың өзінде-ақ, оны мемлекеттік органадар қызметінің жүесіне енгізу жоспарланып отыр.
Президент Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдауына алаяқтардан зардап шеккен ададамдар да жиі шағым түсіріп тұрады.
Жаңа айлакерлік амал-тәсілдер мен түрлі алаяқтардың белсенділік таныта түсуіне байланысты, біз азаматтардың сақ болуына және күмәнді жобаларға араласу тек сіздің бюджетіңізді ғана ортайтып кетпей, сонымен бірге, қылмыстық жауапкершілікті де жүктейтінін ескертеміз.
Соңғы күндері WhatsApp мессенджері арқылы, алғашқы жарнасының мөлшеріне қарай, ​ «14 300» деп аталатын ойынға қтысуға шақырған үндеу тарап жатыр. Шын мәнінде, бұл кезекті қаржылық пирамида ғана. Оның шарты бойынша, бейтаныс есеп-шотқа ақша жөнелткен адам төрт қабат бойы жоғары жылжи отырып, астыңғы қабаттар толған кезде, 114​ 000 теңге алып, ойыннан шығып кетеді. ​ Адамдар тек ​ өз ақшасын салып қана қоймай, басқаларды да қатысуға шақырып, белсенділік көрсетеді. ​ ​ ​
Қаржы пирамидаларының мұндай тәсілі, сондай-ақ, сауда мен құрылыс сияқты, түрлі салаларда да бүркемелі түрде қолданылуы мүмкін.
Өкінішке қарай, бұл сынды жобалар бұрыннан-ақ белглі екеніне, ал қазақстандықтар бұларға қатысудың қаупі туралы талай рет ескертулер алғанын қарамастан, әсіресе дағдарыс кезеңінде, мұндай күмәнді акцияларға қатысуға дайын тұратын нанғыш жандар бәрібір ​ табылады. ​
Алаяқтардың құрбанына айналмау үшін, қазақстандықтардың сақ болғаны керек, ал егер қандай да бір күмән туып жатса, мамандармен кеңесіп, өзінің заңнамалық білімін көтергені де дұрыс болар еді.
ҚР ПӘ өтініштерді қадағалау Бөліміне қиын жағдайда қалған азаматтардың несие бойынша борыш ауыртпалығын жеңілдетуге көмек көрсетуді сұраған өтініштері әлі де түсіп жатыр. 
Осыған байланысты, 2019 жылы,  Мемлеккет басшысының тапсырмасымен, мұндай бір реткі шара өткені туралы мәлімдемекшіміз. 
Бұл акцияға қатысу үшін кепілсіз тұтынушы займдары бойынша қарыздарды екінші дәрежелі банктер мен микрокредиттік ұйымдар  тек төмендегі шарттар сақталған жағдайда ғана қарастырған болатын:
- егер, қарыз адам көпбалалы болса, асыраушысынан айырылғаны үшін жәрдем алып отырған отбасылары, мүгедек бала асырап отырған, 18 жастан асқан, туғаннан мүгедек баласы бар, сол үшін мемлекеттен жәрдем алып отырған отбасылары; ата-анасынан кәмелетке толмай тұрып айырылған, жиырма бес жасқа толмаған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар;  
- егер, заим бойынша жалпы қарыз,  2019 жылдың 1-ші шілдесіне дейінгі мерзімде, 3 миллион теңгеден аспаса; 
- егер, өтеу керек,  негізгі қарыз бен оған есептелеген сыйақыдан тұратын, қарыз мөлшері  2019 ылдың 1-ші шілдесіне дейінгі мерзімде бір қарыз алушы үшін 300 мың теңгеден аспаса.
Бұл акция 2019 жылы аяқталып, оның нәтижесінде, кепілсіз несие бойынша алнған, 554 мың адамның, жалпы сомасы 115 млрд теңге құрайтын қарызы жабылған болатын. 
Жуық арада мұндай акцияны қайталап өткізу жоспарланып отырған жоқ. 
Биыл жыл басынан бастап ҚР ПӘ өтініштерді қарастыруды қадағалау Бөлімі жоспар бойынша 14 рет азаматтарды қабылдау өткізіп, 401 азаматты қабылдады, оның ішінде Орал қаласына (Батыс Қазақстан облысы) жасалған көшпелі қабылдау да бар (22 адам).
Аймақтарда мекендейтін азаматтардға қолайлы болуы үшін, барлық облыстар мен Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерін селекторлық жүйеге қоса отырып, 75 адамның өтініші қарастырылды.
Өтініштердің басым бөлігі Нұр-Сұлтан (37,4%), Алматы(9,2%) қалалары, Батыс Қазақстан (7,7%) және Қарағанды (6,2%) облыстары мен Шымкент (5,4%) қаласының тұрғындарынан түсіп жатыр.
· Нұр-Сұлтан – 150
· Алматы қ-сы – 37
· БҚО – 31
· Қарағанды облысы – 25
· Шымкент қ-сы - 22
· Ақмола облысы – 22
· ШҚО – 21
· Маңғыстау обысы – 15
· Алматы облысы – 13
· Павлодар облысы – 11
· Жамбыл облысы – 10
· Түркістан облысы - 10
· Қостанай облысы – 10
· СҚО – 8
· Қызылорда облысы – 5
· Ақтөбе облысы – 4
· Атырау облысы – 2
Азаматтар көбінесе құқық қорғау органдары (33%) мен сот органдарының(16%) қызметіне, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына(29%) қатысты, банк саласына (8,2%), денсаулы сақтау саласына(2,6%), зейнетпен қамту саласына(2%) қатысты арыз-шағымдар түсіріп жатады. Басқа да сабақтас мәселелер 20% шамасында.
Қабылдауға жазылмақшы ниеттегі адамдардың саны арта түсуіне байланысты қазіргі шақта қайта қабылдауларды қысқарту шаралары қарастырылып жатыр.
Осы мақсатта қайта қабыдауға жазылған азаматтардың өтініштері сараптаудан өткізілді.
Биылғы наурыз айына түскен 150 шағымды тексергенде, оның ішінде 47 адамның, тыңғылықты жауап алғанына немесе шағымдарының негізді түрде қанағаттандырылмағанына қарамастан, қайта шағымданғаны белгілі болды.
Есепті кезеңде тәуелсіз заңгерлер, мемлекттік органдар берген жауаптарға жасалған сараптама негізінде, 36 қорытынды дайындап шықты.
Қазіргі уақытта осындай жұмыс сәуір-мамыр айына қабылдауға жазылған өтініштерге де қатысты жүргізіліп жатыр.
Жалпы алғанда, жүргізілген кешенді шаралардың арқасында, ҚР ПӘ Қабылдауына өтініш түсірген азаматтардың проблемаларын шешу барысында жағымды өзгерістер орын алғаны байқалады.
ҚР Президенті Әкімшілігінің азаматтардың өтінішін қарастыруды қадағалау Бөлімінің қызметкерлері еліміздің әйел қауымын 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды! Сіздерге және шаңырақтарыңызға денсаулық, сәттілік пен игілік тілнйміз.
HTML Embed Code:
2024/04/30 05:23:31
Back to Top