TG Telegram Group & Channel
ҚР Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі | United States America (US)
Create: Update:

Жұма күні Нұр-Сұлтан қаласында мүгедек жандардың проблемасын көтерген дөңгелек үстел өтіп, оның жұмысына мемлекеттік органдар мен мүмкіндіктері шектеулі жандар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Бұл дөңгелек үстел ҚР Президентінің көмекшісі Аида Балаева жетекшілік жасайтын азаматтардың өтінішін бақылау Бөлімінің бастамасымен жиналды. ПӘ Қоғамдық қабылдауына мүмкіндіктері шектеулі жандар қоғамының мүшелері жиі өтініш түсіріп, мемлекет тарапынан көбірек көңіл ауадара отырып, тұрмыс деңгейін жақсартуды сұрайды. Жалпы республикалық азаматтарды қабылдау күнін өткізу барысында, Аида Балаева Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдеріне мүгедек жандарды қолдау мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өткізуді тапсырған болатын.
Министрлік қолданыстағы бүкіл нормативтік актілер мен бағдарламаларды сараптап шығып, Қоғамдық қабылдауға Нұр-Сұлтанда, Алматы, Шымкент қалаларында, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Атырау облыстарындағы фронт-офиске және көшпелі қабылдау барысында өтініш түсірген мүмкіндіктері шектеулі жандардың арыз-шағымына орай, қоғамдық беленділермен селекторлық мәжіліс өткізіп, сол ұсыныстарын ескере отырып, өзекті мәселелерін анықтады. Өтініштерді бақылау Бөлімінің қатысуымен, Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министрлігі бұл саланы реттеп отырған барлық стратегиялық құжаттарды тексеріп, сараптап шықты. Негізгі құжат болып, мүгедек жандардың өмір сапасын жақсарту туралы 2025-ші жылға дейін қабылданған Ұлттық жоспар қала береді.
Өтініштерді бақылау Бөлімінің мамандары жыл бойғы жұмыстары барысында мүгедек жандардан түскен әрбір арыз-шағымды мұқият қадағалап отырған болатын, сондықтан да, дөңгелек үстел өткізу туралы бастама көтеріп қана қойған жоқ, оны дайындау жұмыстарына да белсене араласып, бұл саладағы мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін сараптады.
Бөлім мамандары, Ұлттық жоспардың жүзеге асуы үшін, тек профильді министрлік қана емес, ең алдымен, барлық деңгейдегі әкімдіктер де жауапты болуы керек деп санайды. Сонымен бірге, бұл іске барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен елдегі бүкіл үкіметтік емес ұйымдардың араласқаны аса маңызды, ал, жұмыстың әр кезеңін бақылау арқылы, азаматтардың барлық наразылықтарына көңіл бөле отырып, дер кезінде үйлестіріп отыру қажет.
Президенттің Көмекшісі А. Балаева бұл бағытта жүйелі жұмысты ұйымдастырудың маңызын атап өтіп, назарын ведомоство аралық өзара тиімді жұмыс жүйесін(бәрінен бұрын, министрліктер мен әкімдіктердің арасында) қалыптастырудың қажеттігіне және мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында тығыз байланыс орнату мәселелеріне аударды.
Өтініштерді бақылау Бөлімінің бастамасымен өткен дөңгелек үстел жүйелік деңгейдегі әлеуметтік проблемаларды өзара диалог құра отырып та шешуге болатынын көрсетті.

>>Click here to continue<<

ҚР Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі

Share with your best friend
VIEW MORE

United States America Popular Telegram Group (US)