TG Telegram Group Link
Channel: ҚР Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі
Back to Bottom
ПӘ-нің қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен көптеген өтініштер тұрғын үй мәселесіне қатысты. Қазақстандықтар олардың шаршы метрге байланысты мәселелерін шешуді сұрайды, алайда олардың басым көпшілігі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары туралы ақпаратты жеткілікті меңгерген жағдайда осы өзекті мәселені өз бетінше шеше алатын еді.

Көп жағдайда мұндай сипаттағы мәселелермен бізге әйелдер жүгінеді. Қандай санаттағы азаматтар жеңілдікті тұрғын үйге үміттене алатыны және ол үшін қандай мемлекеттік бағдарламар бар екендігі тұралы біз алдында түсіндіріп кеттік. Кеше ғана "тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен" тағы бір жоба - әйелдер үшін жеңілдікті ипотека туралы жарияланды.

Еліміз бойынша орташа есеппен, әйелдер ерлерге қарағанда ресми түрде үштен бір бөлікке аз табыс табатындықтан, оларға тұрғын үй сатып алуға қол жетімді қарыз алу қиынға соғады. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" Азия даму банкімен бірлесіп әйелдерге тұрғын үй несиеге қол жеткізуді кеңейтуді шешті.

Әйелдер үшін қарыз бастапқы және екінші тұрғын үйді сатып алу үшін берілетін болады. Несиенің ең жоғары сомасы 30 млн теңгені құрайды. Оны алу үшін үміткерге оның табысы 200 мың теңгеден төмен болған жағдайда, 15% мөлшерінде ең төменгі бастапқы жарнаға ие болу жеткілікті, ал табысы 200 мың теңгеден асатын адамдар үшін 20% - ды құрайды. Салыстыру үшін - қазіргі уақытта "тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен" ипотека алу үшін пәтер құнының 50% болуы қажет.

Ипотека бойынша пайыздық мөлшерлеме кейінірек түзетіледі.

Жаңа гендерлік бағдарлама өңірлердің және ауылдық жердің тұрғындарын 60% - ға қамтиды.
ҚР Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдауына жазылу ережесі

Виртуалды қабылдауға өтініш түсіру.
Алдымен, www.akorda.kz сайтына кіріп, «Вируалды қабылдау» тармағында тіркелу қажет. Қалай тіркелуді көресететін, қадам сайынғы, нұсқаулар жазылу процесін автоматты түрде реттеп отырады, алайда, өзіңіздің жеке «Электронды сандық(цифрлы) қолтаңбаңыз» болуы керек.
Қабылдауға жазылу

Президент Көмекшісі – ҚР ПӘ түсетін өтініш-арыздарды қарастыруды бақылау бойынша Бөлім меңгерушісінің қабылдауына жазылу +7 7172 74 17 96 және +7 7172 74 97 06 телефондары арқылы жүреді.
Одан бөлек, өтініш иесінің жазба түріндегі арызы арқылы, сондай-ақ, электронды үкімет egov.kz. порталы арқылы жіберілген арыз бойынша да тіркелуге болады.
Азаматтарды қабылдау кестесі www.akorda.kz сайтында, «Президент Әкімшілігі – азаматтарды қабылдау» тармағында орналасқан.
Баспана мәселесі: көп балалы отбасылар жеңілдікпен берілетін баспананы қалай алуына болады?

ПӘ Қоғамдық қабылдауына тұрғын үй мәселесіне қатысты арыз-шағымдар жиі түсіп жатады. Көптеген адамдар, ақпарат тапшылығынан, өз уақытында жеңілдікпен берілетін баспана кезегіне тұрмаған, сол себепті де, осы уақыттары кәдімгідей қиыншылықтарға тап болып отыр.
Көп балалы әлжуаз отбасы категориясы санатында пәтер кезегіне қалай тұруға болады? Ақмола облысынан Ж. деген әйел 2017-ші жылы ата-анасының үйі өртеніп кеткендіктен, баспана сұрап өтініш түсірді. Жергілікті әкімдік оның ата-анасын уақытша баспанамен қамтамасыз еткен, алайда, күйеуі, одан соң, әкесі қайтыс болған әйел, өзін бұл үйден шығарып жібереді де, далада қаламын деп алаңдап отырған көрінеді. Өтініш иесі, көп балалы, ал енді жалғызбасты ана бола тұра, бұған дейін, жеңілдікпен берілетін болмаса арендалық баспана кезегіне тұру үшін еш шара қолданбаған.

Кәзіргі уақытта ол әйелді арендалық баспанаға кезекке тіркеу мәселесі шешіліп жатыр. Сатып алу құқы жоқ арендалық баспана – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көп балалы отбасыларын баспанамен қамтамасыз ету барысындағы қолданыстағы тетіктердің бірі болып табыллады. Кейбір шарттарды сақтақтай отырып, отбасының Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен оның маңындағы елді мекендерде, сондай-ақ, Атырау және Ақтау қалаларында шаршы метрінің арендалық төлемі 150 теңгені құрайтын пәтерге ие болу мүмкіндігі бар.

Басқа аймақтарда арендалық төлем мөлшері шаршы метр үшін 117 теңгені құрайды.
Бағадрламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
-Қазақстан Республикасының азаматтығының болуы;
-Өтініш түсірген шақта өтініш иесінің және онымен бірге тұрып жатқан(жұбайы, кәмелетке толмаған балалары) отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағында иелігінде баспананың болмауы;
-соңғы 6 ай мерзімде, отбасындағы әр жанға шаққанда, ағымдағы қаржы жылында заңмен бекітілген 1 ең аз жалақы көрсеткішінен аспайтын, орташа табысының болуы (баласы бар отбасыларына бөлінетін мемлекеттік жәрдемақы есептелмейді);
-неке бұзылған соң 3 жыл уақыт өтуі керек(толық емес отбасылары үшін);
-еңбек ету арқылы немесе кәсіпкерліктен түсетін отбасының жиынтық табысының болуы;
-төлем қабілетін дәлелдеу. Талапқа сай, төлем қабілетін дәлелдеу міндетті болып табылады. Бұл арқылы бөлінетін қаржы мерзімі анықталады.
Балалы отбасылары үшін мемлекеттік жәрдемақылар есептелмейді;
-жергілікті атқарушы органның баспанаға мұқтаж жанды есепке алғанын және Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, қатысушылардың қарастырылған категориялары бойынша, баспанаға мұқтаж статусын растауы;
Жеңілдікпен баспана сатып алуға қатысты тағы бір бағдарлама – «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің» 2% ипотекасы.
Жеңіл ипотеканы кезекте тұрғандардың мына санаттағылары ала алады:
-көпбалалы отбасылар;
-толық емес отбасылар;
-мүгедек баласы бар немесе сондай бала тәрбиелеп отырған отбасылар.
ҚТҚЖБ алғашқы 10% жарнасы болса, 20 жылға сыйақы мөлшері 2 %-тен аспайтын жеңілдетілген займдар береді.
Қазақстанда бір жылда 6 мың шамасында осындай займ беру жоспары бар.
Көп жағдайда тұрғын үй мәселесін шешуді қиындатып жіберетін елдің, жеңілдетілген баспананы қалай алуға болатыны туралы, қажет мөлшерде хабарланбағандығы, болмаса, құжат жинастыру мен өтініш түсіру кезінде құжаттың заңнамалық егжей-тегжейіне аса мән бере бермейтіндігі екенін тағы да еске сала кетпекшіміз. Сөйтіп, қымбат уақыттарын зая жібереді де жеілдікпен берілетін баспанаға қол жеткізу мүмкіндігі бірнеше жылға созылып кетеді.
Баспана мәселесі: мүгедек жандар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылары жеңілдікпен берілетін баспананы қалай алуына болады?

ПӘ-нің Қоғамдық қабылдауына өтініш жазған ел көтеретін мәселелердің тағы бір жиі кездесетіні – мүгедектер мен мүгедек баласы бар немесе сондай бала тәрбиелеп отырған отбасыларының жеңілдікпен берілетін баспанаға қол жеткізуі турасында.
Егер де барлық рәсімді дұрыс өтіп шықса, бірнеше жылдың ішінде пролема шешімін табады.
Мүгедектер мен мүгедек баласы бар немесе сондай бала тәрбиелеп отырған отбасыларын баспанамен қамтамасыз етудің екі амалы бар.
Біріншісі. Қажет құжаттарды жинап, есепке тұрғызатын және кезегіне қарай, мүгедектер мен мұқтаж жандарға әкімшілік баспана бөлетін, жергілікті атқарушы органға өтініш түсіру керек.
Екіншісі. Мұндай санаттағы азаматтарды жеңілдікпен берілетін баспанамен қамтамасыз ету үшін, 20 жыл мерзімге 2% ипотекалық займ беру бағдарламасы.
ҚТҚЖБ, осы банктегі есеп шотында, алғашқы жарнасы бар болған жағдайда, 20 жылға сыйақы мөлшері 2 %-тен аспайтын алдын ала және аралық тұрғын үй займдарын береді:

-алдын ала берілетін тұрғын үй займдары бойынша – займ сомасының 10% кем түспейтін мөлшерде;
-аралық тұрғын үй займдары бойынша – Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңмен анықталған мөлшерде.
Қазақстан бойынша жылына 6 мың шамасында займдар беру қарастырылған.
Жоғарыда атап өткен санаттарға жататын азаматтар, кезекке тұру үшін, құжаттарын уақытылы және дұрыс жинап ұсыну керек екенін, тағы да ескерте кетпекшіміз.
Өткен бейсенбі, 28-ші қараша күні, Шымкент қаласында Президенттің көмекшісі – ПӘ азаматтардың өтінішін қабылдау барысын қадағалау Бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева азаматтарды көшпелі режимде қабылдады. А. Балаева, барлығы, 77 азаматтың арыз-шағымын тыңдады. Қабылдауда болған шымкенттіктердің басым бөлігі жергілікті атқарушы органдар жұмысына қатысты (32), тұрғын үй мәселесі бойынша(21) және құқық қорғау органдары мен сот жүйесі қызметінің олқылықтарынан туындаған (16) проблемаларын жеткізді.

Сонымен бірге, әлеуметтік көмек мәселесі бойынша(7), денсаулық сақтау (8, еңбек және әлеуметтік қорғау (9), білім және ғылым(3) және әділет (2) министрліктерінің жұмысына қатысты мәселелер де көтерілді.

Азаматтардың арыз-шағымында айтылған мәселелердің барлығы да Президент Әкімшілігінің бақылауына алынды.
Президент Әкімлішігінің Қоғамдық қабылдауы азаматтардың тұрғын үй мәселесіне қатысты өтініштерін қарастыруды жалғастырып жатыр.
Бұл санатқа жататын қазақстандықтардың өтініші, негізінен, жеңілдетілген шарттармен берілетін ипотекалық займдар алуға қатысты. «Нұрлы жер» концепциясы (тұжырымдамасы) аясындағы бағдарламалардың бірі – "7-20-25" бағдарламасы.
Бұл ипотеканы беретін екінші деңгейдегі банктердің шарты бойынша, алдын ала төленетін жарнасы баспана сомасының 20% ын құрап, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау қалаларында сатып алынатын пәтер мен үй-жайдың бағасы 25 млн теңгеден, ал, аймақтарда 15 млн теңгеден аспауы керек.
Бағдарламаға қатысу үшін негігі төрт шарт қойылған:

-қатысушы Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;
-отбасының бір мүшесінің ай сайынғы табысы, кем дегенде, 3,1 күнкөріс минимумын (92 мың теңге) құрауы керек;
-бағдарламаға қатысуға өтініш түсірген шақта займнан үміткердің ҚР аумағында, көлемі, отбасы мүшелерінің әр қайсысына шаққанда, 15 шаршы метрден аспайтын, апатты жағдайдағы жатақханадағы бөлмені есптемегенде, ешқандай жылжымайтын мүлігі болмауы керек;
-займ алушының, баспана алуға қатысты, еш қарызының болмауы.

Сонымен бірге, сатып алынатын баспанаға да қатысты талаптар қойылады – ол пайдалануға толық берілген жаңа салынған баспана болуы керек.
Сондай-ақ, займ алушының табысы, займ қамсыздығы үшін, жетімсіз деп танылып жатса, ол тағы бір адаммен қосылып алуына болады.
Кейбір жағдайда, зейнет жасындағы немесе зейнет жасына келіп қалған жандар, жасына қарай өзіне несие берілмейді деген оймен, «7 – 20 - 25» бағдарламасына қатыспай жатады. Бағдарламада займ алушының жас шамасы мен займ бөлу туралы шешімнің ешқандай да байланысы қарастырылмаған. Займды қайтару мерзімі займ алушы мен банк арасындағы келісім-шартпен анықталады.
ПӘ Қоғамдық қабылдауына, жеңілдікпен берілетін баспанаға қол жеткізсек деген, әскери қызметкерлер де жиі өтініш білдіріп жатады. Әскерилерге, жалақыдан бөлек, «баспаналық» деген қосымша да төленіп тұрады, алайда, олардың арасында да, үй сатып алған кезде, ол қаржыны оңтайлы пайдалана алмай жататындары баршылық.

Осы санаттағы азаматтар, жеңілдетілген шарттармен, жеке баспаналы болуы үшін, қарастырылған бірнеше бағдарлама бар. Дәл бүгін, "Банк ЦентрКредит", "Казақстан Сбербанкі" және Halyk Bank сынды үш банк әскерилер мен арнайы мемлекеттік орган қзметкерлеріне жеңілдетілген ипотека беру мақсатындағы жобаны ашқандарын жариялады.

Бұл бағдарлама кәзір жүріп жатқан «7 – 20 - 25» және «Баспана Хит» бағдарламалары аясында жүзеге асатын болады.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша несие мөлшерлемесі жылына 7% құрайды, алдын ала жарнасы, баспана бағасына қарай, 20% -тен басталады да, 25 жылға дейін мерзімге беріледі. Бұл бағдарлама бойынша, пәтерлер жаңа салынған, пайдалануға берілген үйлерден ғана сатып алынуы тиіс. «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша, несие мөлшерлемесі жылына 11% -ті, алғашқы жарнасы 20%-ті құрап, 15 жыл мерзімге беріледі. «Баспана Хит» бойынша пәтерді, жаңа салынған үйлермен қатар, ескі үйлерден де сатып алуға болады.

«Әскерилерге арналған ипотекада» да осы шаттар сақталған, дегенмен де, «баспаналық» және жалақысын ескере отырып, жасалған сараптама жүргізгенде, мейлінше жұмсақ несие тәртібі қарастырылады
Ипотекалық займ алу үшін қойылған негізгі шарттар: .
-құзырлы органдар тарапынан, әскери қызметкерді баспанаға зәру деп тану;
-үш банктің ("банк центркредит", "казақстан сбербанкі" және halyk bank) бірінде, тұрғын үй төлемдерін жүргізу үшін, арнайы есеп-шотын ашу;
-ипотекалық бағдарлама аясында банктер талап ететін басқа да құжаттар.

Бұдан бөлек, жыл сайын Қазақстанда «Тұрғын үй құрылыс банкінің» «Әскери баспана» бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
Бұл бағдарламаның шарттары бойынша, баспаналық төлем бағдарламасына қатысушылардың (әскерилер мен арнайы қызметтер қызметкерлері) займ сомасының, кем дегенде, 15%-ін алдын ала жарна ретінде төлегенде, баспана сатып алуға, жылдық мөлшерлемесі 8%-ті ғана құрайтын, кредит алу мүмкіндігі бар.
Бағдарламаның бір кезеңі 2019-шы жылдың 1-ші мамырында басталып, маусым айының 4-ші күні аяқталған болатын, осы бір жарым айдың ішінде, 4 мыңнан астам жан үй сатып алды.
Енді, осылайша үй алуды қалайтындар, 2020-шы жылғы бағдарламаға қатысу үшін, өтініштерін тапсыра берсе де болады.
Бүгін ҚР Президентінің көмекшісі – азаматтардың өтініш-шағымын бақылау Бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева, өзінің Fasebook- тегі аккаунтында, Президент Әкімшілігі Қоғамдық Қабылдауы жұмысының кейбір тұстары жайлы түсіндіріп өтті.

А. Балаева «Біздің Бөлім әр бір өтініштітің жіті қадағаланып, мәселесінің анық-қанығы түбегейлі қарастырылғанын қадағалап отырады. Азаматтарды жеке қабылдағанда, проблема туралы оның өз ауызынан естіп, түп-тамырының қайда жатқанын түсінесің. Осындай артықшылығы бар. Дегенмен де, нағыз сараптау жұмыстары осы қабылдаудан кейін басталып, мәселе егжей-тегжейлі зерттеліп, жағдайға қарай, оны қалай шешу керек амалдары қарастырылады, профильді орган өкілдері қатысатын жұмыс тобы құрылады», - деп жазады.

Оның мәліметіне қарағанда, Қоғамдық Қабылдау бір күн ішінде жүзден астам адамды қабылдайды екен. Дегенмен де, мәселе қанша адамды қабылдағанда емес, адамға қаншалықты жоғары деңгейде көмек көрсете алғаныңда. «Біраз уақыт өткенде, Бөлім барлық өтініш иелеріне жауап беретін болады. Әр нәрсенің мерзімі болатынын түсінесіздер. Қабылдау – бұл айсбергтің шыңы іспетті ғана, оның астында атқарылған істің орасан бөлігі көрінбей жатыр. Қаңтар айында өтетін келесі қабылдау уақытына дейін, біз, жиналған өтініш-арыздарды сараптап, түйінін шешетін тиімді амалдарды қарастырумен айналысамыз», дейді.

Президент көмекшісі, Бөлімнің жүріп жатқан сот істеріне араласуға мүмкіндік беретін құқықтық құзыры жоқ екенін, ескертіп өтті.

«Егер де, заңды тетіктерді қосуға мүмкіндік беретін, заңды негізі болып жатса, әкімдіктер мен министліктерге түсіп жатқан шағымда көтерілген мәселелердің шешімін, біз міндетті түрде соңына дейін жеткіземіз», дейді А. Балаева.
HTML Embed Code:
2024/05/21 02:17:50
Back to Top