TG Telegram Group & Channel
ҚР Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі | United States America (US)
Create: Update:

ПӘ Қоғамдық қабылдауына, жеңілдетілген шарттармен баспана сатып алуға немесе арендалық пәтерге орналасуға көмек сұрап, қиын жағдайға тап болып қалған жастар да жиі өтініш түсіріп жатады.

Елдегі үш мегаполисте – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте – еңбек етіп жүрген жастар үшін, сатып алу мүмкіндігінсіз арендалық бспана алу бағдарламасы ашылған. Астанада құжаттарды қараша айының 5-інен 10-ына дейін қабылдайды. Ал, Алматыда 200-дей өтініш қабылданып та қойды.
2019-шы жылы осы үш қалада жұмыс істеп жүрген жастарға 5 жыл мерзімге 3 мың пәтер ұсынылатын болады. Болжамдағы аренда құны 15 мыңнан аспауы керек, ал, пәтер аумағы 40 шаршы метрден кем болмайды.
Үш жыл ішінде осындай 9 мың пәтер қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр, ал, 2022-ші жылдан бастап, бұл бағдарлама басқа да аймақтарды қамтитын болады.
Бағдарламаға қатысу үшін, баспанаға ие болғысы келетін қалада, кем дегенде, екі жыл тұруы шарт. Жеңімпаздар келесі шарттар бойынша жиналған ұпай санымен анықталады:
1) Қазақстан Республикасы үкіметі 2018-ші жылдың 13-ші қарашасы күні өзінің № 746 қаулысымен бекіткен, өнімді еңбек және бұқаралық кәсіпкерлік туралы Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, тұрғындарды еңбекпен қамту мәселесіне жауапты құзырлы орган бекіткен, рынокта мейлінше сұранысқа ие жүз (100) кәсіп тізіміне сай, кәсіпті игерген өтініш иесіне – 10 ұпай;
2) Отбасы бар болса – 5 ұпай, тіркелген некеде өткен әр жылға – 2 ұпай,
3) 1 (бір)баласы үшін – 1 ұпай, бұдан кейінгі әр баласы үшін – 2 ұпай;
4) Кем дегенде, 1 жыл жеке кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін – 5 ұпай, әр жылы үшін – 1 ұпай;
5) Өтініш иесінің қызметтің түрлі саласында жеткен жетістіктері үшін – 2 ұпай;
6) Бюджеттік мекемедегі(мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда) еңбегі үшін – 5 ұпай, әр бір жыл өтілі үшін – 1 ұпай;
7) Екінші деңгейлі банктегі жинақ шотында жинақтарының әр жылы үшін – 2 ұпай саналады.

Ұпай саны тең түсіп жатса, өтінішін ертерек берген қатысушы басым түседі. Естеріңізге сала кетейік, 2019-шы жылдың 23-ші қаңтарында Жастар жылының ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент тәрізді ірі қалаларда, еңбек етуші жастар үшін жыл сайын, кем дегенде, 1 мың пәтер салуды тапсырған болатын.

>>Click here to continue<<

ҚР Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі

Share with your best friend
VIEW MORE

United States America Popular Telegram Group (US)