TG Telegram Group & Channel
ҚР Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі | United States America (US)
Create: Update:

Азаматтардың өтінішін орындау барысын бақылау Бөлімі 2019-шы жылғы өз жұмысын қорытындылады.
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігіне азаматтардан 22 мыңнан астам өтініші түсіп, олардың жартысынан астамы (12 мың) орталық мемлекеттік органдардың құзырына бағытталса, 4 мыңнан астамы – жергілікті атқарушы органдардың, 6 мыңға жуығын қарастыру орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ортақ құзырына жатады.
2019-шы жылдың сәуір айында мемлекет Басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Виртуалды қабылдауы» жұмыс істей бастап, мұнда 6 мыңнан астам өтініш келіп түсті.
Бөлім ҚР Президенті Әкімшілігіне түсіп жатқан өтініштердің 90 %-ке жуығын бақылуына алып, оларды мемлекеттік органдардың қарастыратын барлық кезеңдерін қадағалап отырды.
Президент Көмекшісі – өтініштерді қарастыруды бақылау Бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мен оның қызметкерлері 2019-шы жылдың тамыз айынан бастап, аймақтардағы көшпелі қабылдауларды қоса алғанда, жеке өздері 1,3 мың адамды қабалдады.
Бөлім, белгілі бір өтініш бойынша ведомство аралық өзара бірлескен әрекетті, өтініш түсірушінің арыз-шағымы бойынша заңнамалық сараптама жасауды және оған мемлекеттік органдардың жауап беруін үйлестіріп отырады; өтініш түсірушімен екі арада байланыс орнатады; жеке кейстер бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың салалық мамандарынан құралған жұмыс топтарын жасақтайды.
Бөлім өз жұмысында кейбір жаңашылықтарды қолданады:
-әкімдіктердің ресми сайттары мен аймақтық БАҚ беттерінде алдын ала жариялап барып, аймақтарда азаматтарды қабылдаудың көшпелі рәсімі енгізілді (Бөлім құрылғаннан бергі мерзім ішінде 8 облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда көшпелі қабылдаулар өтті);
-құқық статистикасы Комитетімен бірлесе және ҚР Бас Прокуратурасының арнайы есеп-қисаптарын ескере отырып, өтініштермен жұмыс істеудің Бірыңғай нұсқауы әзірленді (жоба мемлекеттік органдардың келісімін алған, енді бекітілуге дайындық үстінде);
-Бас прокуратурамен бірлесе отырып, мемлекеттік органдардың өтініштермен жұмыс істейтін бірыңғай платформасы – «Е-өтініш» жобасының пилоттық нұсқасын іске қосу дайындық үстінде;
-ҚР Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдауы әлеуметтік желілерде де белсенді қызмет атқаруда (Қоғамдық қабылдаудың Telegram және Youtube платформаларында қазақ және орыс тілдерінде өз арналары жұмыс істеп тұр (6000-нан астам адам жазылған));
-бастапқы сараптама жұмысын сапалы түрде өткізуге мүмкіндк беретін, тәуелсіз заңгерлер жасаған қорытындыларды да қолдану ісі жүзеге асырылып келеді;
- ПӘ Қоғамдық қабылдауының колл-орталығы құрылды;
Нұр-Сұлтан және басқа да қалалардағы фронт-офистерде өтетін қабылдау кезінде аймақтармен бейнеконференция байланысын қолдану тәжірибесі енгізілді;
Жалпы алғанда, Бөлім жұмысы «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған.

>>Click here to continue<<

ҚР Президенті Әкімшілігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі

Share with your best friend
VIEW MORE

United States America Popular Telegram Group (US)