✅Халықаралық байқаушылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабына келді
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымы Парламенттік Ассамблеясының, ҰҚШҰ-ның, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының, Америка Құрама Штаттарының байқаушылары ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына келді.
Штаб мүшелері оларды үгіт-насихат және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығының, байқаушылар штабының және арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды.
✔️Жалпы, үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5000-нан астам ауылды аралады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллион сайлаушы қатысты. Кездесулер барысында азаматтардан 40 мыңнан астам ұсыныс пен тілек жиналды.
hottg.com/toqaev2022
>>Click here to continue<<
