TG Telegram Group & Channel
MFA Qazaqstan 🇰🇿 | United States America (US)
Create: Update:

​​Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев – Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшісі

1970 жылғы 2 сәуірде Ақтөбе облысының Алға қаласында дүниеге келген. Петрозаводск мемлекеттік университетін бітірген.

Өзінің дипломатиялық мансабын 1993 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Азия елдері басқармасының референті ретінде бастаған. ҚР СІМ Орталық аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеп, оның ішінде Көпжақты ынтымақтастық департаментін, Халықаралық ұйымдар және қауіпсіздік мәселелері департаментін және Еуропа департаментін басқарды.

Сондай-ақ Қазақстанның Литва, Грузия, Норвегия мен Италиядағы елшіліктерінде және Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінде жұмыс істеді. 1999 жылдан 2000 жылға дейін ҚР Президенті Протоколы басшысының орынбасары болды. 2016-2019 жылдары аралығында АӨСШК-де жұмыс істеді.

Қазақстанның Польшадағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін 2021 жылғы сәуірден бастап Қазақстанның Үндістандағы Елшісі болды.

І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.

Ағылшын тілін меңгерген.

@PressMFAKZ

>>Click here to continue<<

MFA Qazaqstan 🇰🇿

Share with your best friend
VIEW MORE

United States America Popular Telegram Group (US)