TG Telegram Group Link
Channel: Бірге тексерейік!
Back to Bottom
Көгершіннің қаны көкжөтелді емдей ме?

Көкжөтел — балаларда біршама күн болатын булықпа жөтелмен сипатталатын бактериалды сипаты бар ауру. Қазір желіде оны емдеудің оғаш түрін кездестіруге болады: кейбір интернет қолданушылар көгершіннің қаны көкжөтелді емдей алатынын жазып жүр.

Factcheck.kz редакциясы қауіпті аурумен күресуге халық емі бар-жоғын тексеріп көрді.

Үкім: Фейк
Ғылыми тұрғыда көгершін қаны көкжөтелге қарсы тиімді ем түрі емес, тіпті, кесірін тигізуі де мүмкін. Заманауи диагностикада антибиотиктер жақсы нәтиже беруі мүмкін. Бірақ баланы көкжөтелден қорғаудың ең жақсы жолы — вакцина салу.

Материалдардың толық нұсқасын сайтымыздан оқыңызhttps://factcheck.kz/kaz/faktchek/feyk-kjagershjannjaja-jaany-kjakzhjateldja-emdeydja/
Хорватияда үйлер 60 теңгеге сатылып жатыр ма?

Желіде Хорватияның Леград қаласында үйлер бар болғаны 13 евроцентке немесе 60 теңгеге сатылып жатыр деген ақпарат тарады. БАҚ-тағы дерекке сенсек, бұл қаладағы халық санының азаюына байланысты қабылданған шешім. Расында Хорватияда 60 теңгеге үй алу мүмкін бе, тексеріп көрдік.

Үкім: Шындық

Хорватияның Леград қаласында жас отбасыларды қолдау бағдарламасы жүріп жатқаны рас. Қала әкімшілігі конкурстық іріктеу арқылы жас отбасыларға жеңідетілген бағамен баспана алуға мүмкіндік береді. Яғни Леград қаласынан жергілікті валюта бойынша 1 кунаға немесе 13 евроцентке үй сатып алуға болады.

Желіде тараған ақпараттың рас-өтірігін анықтау және толық ақпарат алу үшін Леград қаласының әкімшілігімен байланысқа шықтық. Сұрағымызға қала мэрі Иван Саболич ақпараттың рас екенін және бұл жобаның мақсаты қаладағы тұрғындар санын көбейту екенін мәлімдеді.
CPJ: Қазақстан билігі Азаттықтың тілшілеріне дереу аккредитация беруі керек

“Журналистерді қорғау комитеті” Қазақстанды Азаттықтың 36 тілшісіне аккредитация бермегені үшін айыптап отыр.

Комитет ел билігінің бұл әрекетін құптамайтынын мәлімдеді.

Азаттықтың Қазақ қызметі өзінің ашық әрі сенімді репортаждарымен танымал. Биліктің ақпарат құралы тілшілеріне ойдан шығарылған себеппен жаппай аккредитация бермеуі қатты алаңдататын жайт және бұл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз еркіндігі туралы мәлімдемесіне нұқсан келтіреді.

Гүлноза Саид, Еуропа және Орталық Азия бағдарламалары бойынша үйлестірушісі

Сол себепті ұйым ел үкіметі дереу Азаттық тілшілерін аккредиттеуі керек екенін айтты.
Алаяқтар “Власть” сайтының атынан өтемақы туралы жалған ақпарат таратқан

Аляқтар әлеуметтік желіде “Власть” сайтының фейк скринін таратқан. Суретте “азаматтарға берілетін өтемақы” туралы жалған ақпарат жазылған. “Власть” редакциясы мұндай жазба жарияламағанын хабарлады.

Сайттың жазуынша, төленбеген ақшалай қаражатты қайтарудың ресми өтемақы орталығы “өтемақы төлейтіні” туралы ақпарат тарап жатыр. Алайда Қазақстанда мұндай ведомство жоқ және бұл көрші мемлекеттерде тараған алаяқтық схемаға ұқсайды.

Редакция қазақстандықтарды алдау мақсатында сайттың жасанды скринін таратқандардың үстінен құқық қорғау органдарына шағымдануға ниетті.
Фактчек🔍 | Билл Гейтс, цифрлы фашизм мен АҚШ-тағы сөз еркіндігі

Мәлімдеме: Билл Гейтс цифрлы фашизмнің жаңа түрін енгізуді бастады

Microsoft корпорациясы АҚШ-тың ресми “демократиялық” контекстіне сай келмейтін жаңалықтарды жариялайтын пайдаланушылардың компьютерін өшіру жұмысын бастады.

Компания қауіпті әлеуметтік эксперимент жасамақ. Ой мен жаңалық бөлісу еркіндігі — жақын арада идеалдан алыс, құндылықтары бұзылған батыс элитасының қолында болады. Мұның бәрі цифрлы фашизмнің жаңа формасын құруға әкеледі.


«Осташко! Важное» телеграм-арнасынан

Үкім: Фейк🚫

Біріншіден, Билл Гейтс өз сайтында да, «Microsoft» компаниясының сайтында да мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Екіншіден, телеграм-арна сілтеген «The People’s Voice» (бұрынғы «NewsPunch» / «Your News Wire») сайты дәлелсіз мәлімдеме жасаған. Бұл сайт фейк ақпарат таратуымен әйгілі екенін де айта кету қажет.

Толығырақ🌐
HTML Embed Code:
2024/04/28 23:42:14
Back to Top