TG Telegram Group Link
Channel: Бірге тексерейік!
Back to Bottom
Журналист Асқар Ақтілеудің үстінен “жала жабу” бабы бойынша іс қозғалды

9 қаңтарда Ақтөбе қаласында журналист Асқар Ақтілеудің үстінен сот ісі қозғалды. Бұл туралы “Азаттық Радиосы” хабарлады.

Басылымның мәліметі бойынша, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы мектеп-гимназия директоры Гүлжайнар Нұрманова “жала жапты” деп журналист Асқар Ақтілеу мен Ардақ Ерубаеваны сотқа берген.

Шағымданған тараптың айтуынша, журналистер Асқар Ақтілеу мен Ардақ Ерубаева Instagram желісіндегі жеке парақшасында жалған ақпарат таратқан.

“Асқар Ақтілеу мектептің еден жуушысы Мөлдір Ғапиздің жұмыстан қуылуын Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ырғызға барғанда мектептің мәселесін баяндауымен байланыстырған. Ал шын мәнінде еден жуушы еңбек заңдылығын бұзды. 2023 жылы 13-14 қарашада жұмысқа келмеді. Сол себепті 22 қарашада жұмыстан шығарылды”, – дейді директор.

Журналист Асқар Ақтілеу өзіне тағылған айыппен келіспейді. Оның айтуынша, сол мектепте еден жуушы болып істеген Мөлдір Ғапиз деген әйел қызметте қысым көретінін, жұмыстан қуылғанын айтып, одан көмек сұраған. Журналист болған жайтты желідегі парақшасына жазған.

“Дауға журналистер араласқан соң Ырғыз гимназиясының еденін жуатын Мөлдір Ғапиз қайтадан жұмысқа алынды. Мен ешкімге жала жапқан жоқпын. Болған жайтты баяндадым. Көзіммен көргенімді айттым. Еден жуушы Мөлдір Ғапиздің тазалыққа қажетті жабдықтарды өз ақшама сатып аламын, мектеп дәретханасында су жоқ дегенін де өз құлағыммен естідім. Іштей жұмыссыз қаласың-ау дегенмін. Көп ұзамай ол жұмыстан қуылды”, – дейді Асқар Ақтілеу.

Қазіргі таңда журналист Асқар Ақтілеудің үстінен Әкімшілік кодекстегі “бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекомуникация желілерін пайдалана отырып жала жабу” бабы бойынша іс қозғалды.

Алғашқы сот отырысында судья екі жақтың нұсқасын тыңдап шыққан. Сот 15 қаңтарда жалғасатын болды.
Қырғызстанда тәуелсіз редакциялар мен журналистердің үйін тінтіп жатыр

Қырғызстанда тәуелсіз редакциялардың кеңсесі мен журналистердің үйінде тінту жүргізілді. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

15 қаңтарда Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті “Соғысты насихаттау” бабы бойынша іс қозғалғанын мәлімдеп, 24.kg ақпарат агенттігінің кеңсесін тінтіген. Қауіпсіздік күштері кеңсені тінтіп болған соң, оны мөрлеп жауып кеткен және редакцияның бас редакторы Әсел Оторбаева мен шеф редакторы Махинур Ниязованы ұстап әкеткен. Кейін 24.kg шеф редакторы Антон Лаймардың да тергеуге алынғаны белгілі болды.

Ниязованың айтуынша, қылмыстық іс олардың Украинадағы соғыс туралы мақаласына қатысты қозғалған.

Ал 16 қаңтар таңертең Қырғызстанның қауіпсіздік күштері бірнеше журналистің үйін тінтіп, кейбірін жауап алу үшін Ішкі істер министрлігіне ұстап әкеткен. Журналист Болот Темировтың мәліметі бойынша, «Айт, айт десе» және «Темиров LIVE» жобаларының директоры Махабат Тәжібекқызының, журналист Сапар Акунбековтың Бішкектегі үйін, Тоқмақтағы ақын Азамат Ишенбековтың үйін тінтіген.

Акунбековтың үстінен “жаппай тәртіпсіздікке шақырды” деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Оған қоса «Temirov LIVE» жобасының бұрынғы қызметкері Ақтілек Қапаровтың полицияда жауапқа алынып жатқаны белгілі болды.

«ПолитКлиника» басылымының директоры Ділбар Әлімованың айтуынша, олардың редакциясының журналисі Тыныстан Асыпбековтің де үйінде тінту жүргізілген.

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі журналистердің үйлерін не себепті тінтіп жатқанын, не үшін жауап алып жатқанын әлі түсіндірмеді.
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керек деген нұсқаулық таратты

Бізге жазылыңыз
Достар,

Осындай сәттерде мессенжерлер мен түрлі ресурстарда рас-өтірігі тексерілмеген, фейк және манипулятив ақпарат көбейетінін ұмытпаңыздар.


Барынша сабырлы болып, тек сенімді медиалар мен ресми ақпаратты қараңыз.

Егер де фейк ақпарат кездестірсеңіз бізге жіберіңіз!
Forwarded from PARANOIA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы бойынша ресми мәлімдеме.

Жалған ақпарат таратып, халықты үрейлендірмеуге шақыруда.
❗️Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі он қарапайым қадам туралы айтты:

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көпқабатты үйлерде жер сілкініс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Бізге жазылыңыз -> hottg.com/atamekenbusiness_qaz
‼️ Медиа кеңістікте ҚазҰУ жатақханасы құлады деген ақпарат тарады

Ақпарат — жалған.

Студенттердің айтуынша 4 жатақханада қабырғалар жарылған.

Бізге жазылыңыз
Forwarded from POLISIA.KZ
⚠️Полиция ескертеді: жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

Полиция азаматтарды ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырады және ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сенуге кеңес береді.

❗️«Жалған ақпарат таратпаңыздар, жалған ақпараттың көбеюіне ықпал етпеңіздер, дүрбелең мен қорқыныш ұялатпаңыздар», - деп ескертті ІІМ.
‼️ «Жатақхана құлады» деген жаңалықта жүрген сурет Астраханда түсірілген

Бізге жазылыңыз
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❗️Нұрлан Атығаев,
Алматы қаласы ТЖД бастығы

❗️Нурлан Атыгаев, начальник ДЧС г.Алматы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Azattyq - Азаттық
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📹 Алматыда жер сілкінісінен ҚазҰУ жатақханасының қабырғасы жарылған

"Желіде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №6 және №8 жатақханасында қаза болғандар мен қирандылар бар деген жалған ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды. Министрлік қызметкерлерін тексеруге жібердік, көзіміз жеткен соң хабарлама бердік. [Қабырғалар] кішкене ғана жарылған. Жөндеу жүргізіп, сейсмикалық жағынан күшейтеміз" деді Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Azattyq - Азаттық
💬 Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Алматыда жер сілкінісінен соң медициналық көмекке 44 адам жүгінген. Оның оны – бала. Көбі жеңіл жарақат алған.

Сейсмология институтының мәліметінше, Қазақстанда барлығы 70 сейсмостанция, 25 бақылау бекеті бар. Оның едәуір бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысында орналасқан. 23 қаңтар күнгі брифингте институт директоры Дәулет Сәрсенбаев бұл өңір үшін мұның аздық ететінін мәлімдеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алматы полициясы жер сілкінісі туралы фейк ақпарат таратқандарды іздеп жатыр

Полиция Алматыда жер сілкінгенде фейк ақпарат таратқандарды іздеп жатыр. Бұл туралы KazTAG хабарлады.

«Алматы полиция департаментінің жедел бөлімшелері жаңа технологияларды қолдана отырып, кеше түнде қоғамда негізсіз үрей тудырған жалған хабарламалардың авторларын анықтап жатыр», – деп жазды агенттік қалалық полиция департаментінің жауабына сілтеп.

Құқық қорғау органдары жалған ақпарат таратқандар 274-бап “Көрінеу жалған ақпарат тарату” бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Оларға 1 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл немесе 400 сағатқа дейін түзеу жұмысын істеу немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза қарастырылады.
Алматыдағы жер сілкінісі: желіде қандай фейктер тарады?

Қаңтардың 22-інен 23-іне қараған түні Сейсмология институты мен ҚР ТЖМ Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы 6,7 балдық жер сілкінісін тіркеді. Сейсмикалық толқындарды Алматы түрғындары да сезді: оңтүстік астанаға МSК-64 шкаласы бойынша 5 балдық дүмпулер жетті.

Жер сілкінісі айтарлықтай сезілді және тұрғындардың көбін көшеге атып шығуға итермеледі. Алғашқы дүмпулерден соң-ақ мессенджерлерде үрейге толы хабарламалар тарай бастады. Біз ең кең тараған фейктерді талдап шықтық.

Толығырақ🌐https://factcheck.kz/kaz/basty-bet/almatydajay-zher-sjalkjanjasja-zheljade-jaanday-feykter-tarady/
HTML Embed Code:
2024/05/14 13:49:21
Back to Top