TG Telegram Group Link
Channel: Бірге тексерейік!
Back to Bottom
Forwarded from Azattyq - Азаттық
10 қарашада Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік соты "Жала жабу" бабымен сотқа тартылған журналист Марина Низовкинаның ісін тоқтатты.

Сот журналистің Instagram парақшасында қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ермахан Әбдіраманов туралы жазған жазбасында "жала жабу" белгілері жоқ деп тапты.

Сот тергеуі мен қаулысын тыңдауға арызданушы Әбдірамановтың өзі келмеді. Оның қорғаушылары сот қаулысына қатысты қандай да бір пікір беруден бас тартты.

Полиция полковнигінің арыз жазуына Atameken business телеарнасы мен Vera.kz сайтының тілшісі Низовкинаның 13 қыркүйекте Instagram парақшасына жазған жазбасы негіз болған. Журналист жазбасында Әбдіраманов пен оның қызметтік көлігінің эвакуаторға тиеліп жатқан суретін жариялаған. Бұған қоса, журналист жол-көлік инспекторлары Әбдірамановты "көлікті жалған нөмірмен жүргізген деген күдікпен тоқтатқанын" атаған.

hottg.com/azattyq
Алманың барлық сортын жеп көруге 20 жыл қажет пе?

Толығырақ🌐https://factcheck.kz/kaz/faktchek/almanyja-barlyja-sortyn-zhep-kjaruge-20-zhyl-jaazhet-pe/
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қоғамдық орында терминалды картаға жақындатып ақша ұрлауға бола ма?

Үкім: Шындыққа жақын

Қоғамдық жерде ақша мен деректерді ұрлау теориялық тұрғыдан мүмкін болғанмен, алаяқтардың ондай қадамға баруы екіталай. POS терминалдар картаға өте жақын тақағанда ғана жұмыс істейтіндіктен, алаяқтар айласын асыру үшін, көзге түсіп қалмайтындай адам көп жиналатын жерде ғана жүруі керек. Бірақ одан да маңыздысы – ақшаны осылайша ұрлау зиянкестер үшін тіпті қауіпті. Себебі терминал заңды тұлғаға тіркелуі керек, бұл иесінің деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Егер біреу алаяқтықтың бұл түрімен айналысса да, банктің қауіпсіздік жүйесі кінәлілерді лезде тауып алуға мүмкіндік береді.

Картадан «деректерді қағып алу» туралы айтсақ, олар да қорғалған, сондықтан аз ғана деректер басқа адамның қолына түсуі мүмкін. Қазір көптеген банк интернет-сатып алу кезінде «динамикалық кодты» қолданады. Сарапшылардың пікірінше, аз әрі пайдаға аспайтын ақпарат үшін ұрлықтың бұл түрі тым күрделі, сондықтан алаяқтардың оған баруы қиын.
8 желтоқсан кешке ProTenge жобасының инстаграм парақшасында жұмыс істеуге шектеу қойылды.

Жоба жетекшісі Маричеваның сөзінше, ProTenge-нің инстаграм парақшасына арнайы шабуыл жасалған.

Бұл сөзсіз жаман жаңалық. Бірақ мамандардың жедел және кәсіби қолдауының арқасында сол күні кешкі сағат 23:00-ге дейін аккаунтты қалпына келтірдік. Алайда дәл сол сәтте жаңа шабуылға ұшырадық. Бұл біздің жазбаларымызды цензуралау әдісі екеніне еш күмән жоқ.
Джамиля Маричева

Джамиля Маричеваның сөзінше, қазір ең бастысы — ProTenge жазбаларын қалпына келтіріп, аудиторияға қол жетімді ету. Бұған бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін уақыт кетуі мүмкін. Ал екінші маңызды нәрсе — шабуылдың артында кім тұрғанын анықтау.

Кейінгі айда бізде жарияланған бірқатар жазбаларға әсер ету мақсатында бірнеше әрекет болды. Бірақ біз шыққан жазбаларды жоймаймыз және жіберген сауалдарымызда қайтарудан бас тартамыз. Шамасы, шабуылға біздің “диалогтан” бас тартқанымыз себеп болып отыр.
Джамиля Маричева
2023 жылғы 11-16 желтоқсан аралығында DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жасау бюросы Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен, PAPERLAB зерттеу орталығымен бірлесіп азаматтар арасында «Қазақстанның қазіргі жағдайына баға беру және жыл қорытындысы» тақырыбында сауалнама жүргізді.

DEMOSCOPE-тың қорытынды сауалнамасы Қазақстандағы жыл нәтижелері туралы қоғам пікірін талдауға арналды. Зерттеу өмір сапасына қанағаттану деңгейіне, түрлі саладағы өзгерістерге баға беріп, азаматтарды алаңдатып жүрген мәселелерді, билік институттарына деген сенім дәрежесін анықтауға мүмкіндік берді.
HTML Embed Code:
2024/06/09 07:21:35
Back to Top