TG Telegram Group Link
Channel: Бірге тексерейік!
Back to Bottom
Хорватияда үйлер 60 теңгеге сатылып жатыр ма?

Желіде Хорватияның Леград қаласында үйлер бар болғаны 13 евроцентке немесе 60 теңгеге сатылып жатыр деген ақпарат тарады. БАҚ-тағы дерекке сенсек, бұл қаладағы халық санының азаюына байланысты қабылданған шешім. Расында Хорватияда 60 теңгеге үй алу мүмкін бе, тексеріп көрдік.

Үкім: Шындық

Хорватияның Леград қаласында жас отбасыларды қолдау бағдарламасы жүріп жатқаны рас. Қала әкімшілігі конкурстық іріктеу арқылы жас отбасыларға жеңідетілген бағамен баспана алуға мүмкіндік береді. Яғни Леград қаласынан жергілікті валюта бойынша 1 кунаға немесе 13 евроцентке үй сатып алуға болады.

Желіде тараған ақпараттың рас-өтірігін анықтау және толық ақпарат алу үшін Леград қаласының әкімшілігімен байланысқа шықтық. Сұрағымызға қала мэрі Иван Саболич ақпараттың рас екенін және бұл жобаның мақсаты қаладағы тұрғындар санын көбейту екенін мәлімдеді.
CPJ: Қазақстан билігі Азаттықтың тілшілеріне дереу аккредитация беруі керек

“Журналистерді қорғау комитеті” Қазақстанды Азаттықтың 36 тілшісіне аккредитация бермегені үшін айыптап отыр.

Комитет ел билігінің бұл әрекетін құптамайтынын мәлімдеді.

Азаттықтың Қазақ қызметі өзінің ашық әрі сенімді репортаждарымен танымал. Биліктің ақпарат құралы тілшілеріне ойдан шығарылған себеппен жаппай аккредитация бермеуі қатты алаңдататын жайт және бұл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз еркіндігі туралы мәлімдемесіне нұқсан келтіреді.

Гүлноза Саид, Еуропа және Орталық Азия бағдарламалары бойынша үйлестірушісі

Сол себепті ұйым ел үкіметі дереу Азаттық тілшілерін аккредиттеуі керек екенін айтты.
Алаяқтар “Власть” сайтының атынан өтемақы туралы жалған ақпарат таратқан

Аляқтар әлеуметтік желіде “Власть” сайтының фейк скринін таратқан. Суретте “азаматтарға берілетін өтемақы” туралы жалған ақпарат жазылған. “Власть” редакциясы мұндай жазба жарияламағанын хабарлады.

Сайттың жазуынша, төленбеген ақшалай қаражатты қайтарудың ресми өтемақы орталығы “өтемақы төлейтіні” туралы ақпарат тарап жатыр. Алайда Қазақстанда мұндай ведомство жоқ және бұл көрші мемлекеттерде тараған алаяқтық схемаға ұқсайды.

Редакция қазақстандықтарды алдау мақсатында сайттың жасанды скринін таратқандардың үстінен құқық қорғау органдарына шағымдануға ниетті.
Фактчек🔍 | Билл Гейтс, цифрлы фашизм мен АҚШ-тағы сөз еркіндігі

Мәлімдеме: Билл Гейтс цифрлы фашизмнің жаңа түрін енгізуді бастады

Microsoft корпорациясы АҚШ-тың ресми “демократиялық” контекстіне сай келмейтін жаңалықтарды жариялайтын пайдаланушылардың компьютерін өшіру жұмысын бастады.

Компания қауіпті әлеуметтік эксперимент жасамақ. Ой мен жаңалық бөлісу еркіндігі — жақын арада идеалдан алыс, құндылықтары бұзылған батыс элитасының қолында болады. Мұның бәрі цифрлы фашизмнің жаңа формасын құруға әкеледі.


«Осташко! Важное» телеграм-арнасынан

Үкім: Фейк🚫

Біріншіден, Билл Гейтс өз сайтында да, «Microsoft» компаниясының сайтында да мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Екіншіден, телеграм-арна сілтеген «The People’s Voice» (бұрынғы «NewsPunch» / «Your News Wire») сайты дәлелсіз мәлімдеме жасаған. Бұл сайт фейк ақпарат таратуымен әйгілі екенін де айта кету қажет.

Толығырақ🌐
Ресейде адыраспанға тыйым салынды ма?

Үкім: Шындық

Ресей Үкіметінің 7 ақпандағы қаулысына сәйкес, Ресей Федерациясында бақыланатын құрамында есірткі не психотроптық заттар я болмаса олардың прекурсорлары бар өсімдіктердің тізбесіне адыраспан да (Peganum тұқымдас өсімдік) қосылған.

Құжаттың мәтініне сәйкес, Ресей Үкіметінің 2010 жылғы 27 қарашадағы № 934 қаулысына енгізіліп отырған өзгерістерге сай, енді Ресейде Қылмыстық кодекстің 231-бабының мақсаттары үшін адыраспан өсіру заң жүзінде қудаланады. Себебі Ресейдің ҚК 231-бабында құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін жауапкершілік көзделген. Нақтырақ айтсақ, ҚК 231-бабында адыраспанды көп немесе аса көп көлемде заңсыз өсіруге айыппұл салудан бастап, бас бостандығынан айырылуға дейін жаза қарастырылған.

Тыйым салынған өсімдіктердің ішіне шырмауық гүл де енгізілген.
Неміс тележүргізушісі «Қырым — Ресейдікі» деді ме?

Үкім: Манипуляция

Біз видеоның түпнұсқасын таптық. Иә, неміс тележүргізушісі Карен Миосга 2014 жылдың 25 ақпанында «Tagesschau» кешкі жаңалықтарында осындай мәлімдеме жасағаны рас. Дегенмен, ресейшіл медиа шамамен бес минутқа созылған репортаждың тек бір минутын контекстен жұлынған мәліметтер негізінде ұсынған.

Толығырақ🌐https://factcheck.kz/kaz/ukrainefacts-kaz/nemjas-telezhjargjazushjasja-jayrym-reseydjakja-dedja-me/
🎉 Factcheck.kz фактчекиң бойынша негізгі дағдыларды арттыруға арналған FactCheck Dive онлайн-курсына шақырады!

Сізді:
⭐️ 10 тақырыптық модуль
⭐️ Live-форматта 90 минуттан 14 сабақ
⭐️ Материалды бекіту үшін 13 практикалық жаттығу
⭐️ Саланың практиктері
⭐️ Курс барысында тренерлермен ашық чат
⭐️ Базалық курсты аяқтағаны туралы сертификат
⭐️ Курс аяқталған соң Алматыда өтетін фактчекиң тренерлеріне арналған офлайн трениңге қатысу мүмкіндігі күтеді.

Толығырақ medianet.ngo сайтында.

❗️Курсқа тіркелу үшін сілтемедегі форманы 2024 жылғы 12 наурызына дейін толтырыңыз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdwgUdfbPsFGUflzMRFGUhgT1ArKIb4rwmoixy3XAynKpFNpQ/viewform?usp=sf_link
Кері байланыс үшін электронды поштаңыз бен телефон нөміріңізді дұрыс толтыруды сұраймыз. Іріктелген қатысушыларға 2024 жылғы 20 наурызға дейін жауап береміз.

FactCheck Dive онлайн-курсты MediaNet Халықаралық журналистика орталығы мен Factcheck.kz Nippon Foundation қаржылай қолдауымен ұйымдастырып жатыр.

Қосымша ақпарат: Алена Кошкина [email protected], +7747 987 9879 (WhatsApp/Telegram/signal, тек мәтін жіберіңіз).
HTML Embed Code:
2024/05/14 16:58:28
Back to Top