TG Telegram Group Link
Channel: Azattyq - Азаттық
Back to Bottom
Azattyq - Азаттық
⚡️ Журналист Жәмила Маричеваны полиция бөліміне алып барады ProTenge жобасының негізін қалаушысы Жәмила Маричеваны полицейлер Алматының бостандық аудандық полиция бөліміне алып барады. Бұл жөнінде журналистің өзі Facebook-тағы парақшасында мәлімдеді. Ол…
🗣 Алматының Бостандық аудандық полиция бөлімінде журналист Жәмила Маричеваны бір сағаттай ұстап, босатқан

Өзінің Азаттыққа айтуынша, енді оның үстінен қозғалған әкімшілік іс бойынша сот процесі жүреді.

Ол Қазақстан сыртқы істер министрі аккредитация бермеген Азаттық журналистерін қолдап шығарған пост үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтты.

Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📰 Қайырлы таң, оқырман! Таңертеңгі ең негізгі жаңалықтарды қысқа-нұсқа ұсынамыз:

🔸 Байден Украинаға әскери көмек беру туралы заң жобасына қол қойды

🔸 Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов "пара алды" деген күдікке ілінді, сот оны қамауға алды

🔸 Ресейде 900-ден астам адам соғысқа қарсы шыққаны үшін қудаланып жатыр

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
📰 Қайырлы таң, оқырман! Таңертеңгі ең негізгі жаңалықтарды қысқа-нұсқа ұсынамыз: 🔸 Байден Украинаға әскери көмек беру туралы заң жобасына қол қойды 🔸 Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов "пара алды" деген күдікке ілінді, сот оны қамауға алды…
🗣 Ақ үйдің хабарлауынша, Украинаға қару-жарақ осы аптадан бастап жеткізіле бастайды

Құны шамамен 1 млрд доллар болатын алғашқы әскери көмек пакетіне әуе қорғанысына арналған оқ-дәрі, артиллерия, ракета жүйелері мен бронды техника кіреді.

Байден қол қойған заң жобасы аясында шамамен 60,8 млрд доллар – Украинаға, 26 млрд – Израиль мен Газа тұрғындарына гуманитарлық көмекке, 8 млрд Тайвань мен АҚШ-тың Тынық мұхиты аймағындағы одақтастарына беріледі.

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📹 Вагонда тұрып жатқан ауыл. Тасқыннан кейінгі өмір

Ақтөбе облысы Құмсай ауылындағы 39 үйді топан су басқан. Ауыл адамдары аман. Бірақ жұрт баспанасыз қалып, біраз мал арам өлді. Үйсіз қалғандар қазір мұнай компанияларына тиесілі вагондарда тұрып жатыр.

Азаттық тілшісі Жаңагүл Жүрсін құмсайлықтардың тасқыннан кейінгі өмірін көріп қайтты 👇🏻

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Алматының Бостандық аудандық полиция бөлімінде журналист Жәмила Маричеваны бір сағаттай ұстап, босатқан Өзінің Азаттыққа айтуынша, енді оның үстінен қозғалған әкімшілік іс бойынша сот процесі жүреді. Ол Қазақстан сыртқы істер министрі аккредитация бермеген…
💬 Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі журналист Жәмила Маричеваны ұстау себебін түсіндірді

Полицияның хабарлауынша, ProTenge жобасының негізін қалаушы Жәмила Маричеваның үстінен Әкімшілік кодекстің 456-2-баптың 3-тармағы ("Жалған ақпарат орналастыру, тарату") бойынша хаттама толтырылған.

Бұл бапты құқық қорғаушылар "жұмсақ" цензура құралы деп атаған. Материал жуық арада сотқа жөнелтіледі деп айтылады.

25 сәуірде кешке ProTenge жобасының негізін қалаушысы Жәмила Маричеваны полицейлер ұстап босатқан еді. Журналист биыл қаңтарда Азаттық радиосын қолдап, ProTenge парақшасында пост жариялаған.

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Германияның федералды прокуратурасы Орталық Азиядан шыққан жеті адамға "террористік ұйымдар құрды", "радикалды "Ислам мемлекеті" (ИМ) қарулы тобын қолдады" деген айып тақты

Ақпаратқа қарағанда, олар былтыр жазда Германияның батысындағы Солтүстік Рейн-Вестфалияда ұсталған.

Олардың екеуі Түркіменстан және Қырғызстаннан келген, бесеуі – Тәжікстан азаматы.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, "олар бір-бірін бұрыннан біледі және радикалды діни көзқарас ұстанады".

Ұсталғандардың ИМ тобының Ауғанстандағы "Хорасан уәлаяты" тобымен байланыста болғаны айтылады.

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📹 Ресми дерек бойынша, Оралда 117 саяжайды су алған

Қазір 8,5 мың адам эвакуация пунктерінде тұрып жатыр, оның 3,7 мыңы – бала.

❗️ Дегенмен, Жайықтағы су деңгейінің Батыс Қазақстанда төмендегенімен Атырау облысы аумағында көтерілгені байқалған.

❗️ "Қазгидромет" орталығының дерегінше, Индербор қалашығы маңындағы гидробекетте су 6 метрді көрсетіп тұр. Бір тәулікте ол 10 сантиметр көтерілген.

Биыл су тасқыны кемі 10 облысты қамтыды. Мыңдаған үйді су басты, он мыңдаған тұрғын эвакуациялануға мәжбүр болды. Ақорда дерегінше, мұндай тасқын кейінгі 80 жылдан бері болмаған.

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
📹 Ресми дерек бойынша, Оралда 117 саяжайды су алған Қазір 8,5 мың адам эвакуация пунктерінде тұрып жатыр, оның 3,7 мыңы – бала. ❗️ Дегенмен, Жайықтағы су деңгейінің Батыс Қазақстанда төмендегенімен Атырау облысы аумағында көтерілгені байқалған. ❗️ "Қазгидромет"…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📹 Батыс Қазақстан облыстық су шаруашылығы комитетінің маманы Шынболат Ермағамбетов су деңгейі тағы түсуі мүмкін дейді 👇🏻

🗣 "Бүгін таңнан бері су деңгейі 1 см төмендеді. Мұндай жағдай алдағы 2-3 күнде де жалғасуы мүмкін. Әрі қарай су одан әрі түсе беремек. Біз мұны Жайықтың жоғарғы жағындағы Ор, Орынбар, Елек пен Январцеводағы жағдайға қарап болжап отырмыз. Негізінен Елекке қарап отырмыз. Онда су деңгейі түсе бастаған. Біздегі су ақырындап, екі айда өз деңгейіне кеп қалар деп үміттенеміз" деді ол.

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 АҚШ Украинаға 300 шақырымға дейі ұшатын ATACMS зымырандарын жасырын түрде берген. Ракеталар наурыздан бастап жеткізілген

Бұл жөнінде америкалық бірнеше жоғары лауазымды шенеунік хабарлады. Бұған дейін бұл ақпарат ресми түрде хабарланбаған. Reuters-тің жазуынша, Украина соғыста мұны екі рет пайдаланған.

🔸 Былтыр күзден бастап АҚШ Украинаға шамамен 160 шақырымға дейінгі қысқа қашықтықтағы ATACMS-ті ғана жеткізді деп айтылып келген еді.

Шенеуніктердің мәліметінше, алысқа ұшатын зымырандар наурызда мақұлданған 300 миллион доллар көлеміндегі әскери көмек пакетінде қарастырылған.

Олардың айтуынша, 17 сәуірде аннексияланған Қырымдағы әскери аэродромға ATACMS-пен соққы жасалған. Ол Украина шекарасынан 165 шақырым жерде орналасқан.

🔸 Байден әкімшілігі Украинаға алысқа ұшатын зымырандарды жеткізу мәселесін бірнеше ай бойы талқылаған. Пентагон бұл Америка армиясының қорғаныс қабілетін төмендетеді деп алаңдап, қарсы болған.

Ресейдің желтоқсан мен қаңтарда Украинаға шабуыл жасау үшін Солтүстік Кореяның алысқа ұшатын зымырандарын қолдана бастағаны әкімшілік шешіміне әсер еткен.

🔸 Ақпанның ортасында президент Байден ұлттық қауіпсіздік кеңесімен кездесіп, Украинаға алыс қашықтағы ATACMS-ті жеткізуді мақұлдаған.

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴 Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?

Зайсан – Шығыс Қазақстанда облыс орталығынан ең алыс жатқан аудан. Өскемен қаласынан 400 шақырым қашықта, Қытаймен шекарада. 2013 жылы Зайсан ауданындағы Сарыбұлақ кенішінен газ шықты. Зайсан қаласы мен оның төңірегіндегі тоғыз ауыл көгілдір отынға қосылды.

🔺 Кеніштегі қордың тең жартысы Қытайға экспортталады, тең жартысы Шығыс Қазақстан тұрғындарын қамтиды деген үлкен жоспар болған.

🔺 Нақтырақ айтқанда, көрші Күршім, Тарбағатай аудандары және Өскемен мен Семей қалаларын табиғи газбен қамтып, Өскеменде көліктерге сұйылтылған газ құятын станса салу көзделген еді.

Алайда бұл айтылғандар сөз жүзінде қалып келеді. Өскемен мен Семей қалаларын былай қойғанда, он жылдан астам уақыт ішінде Зайсан ауданының өз ауылдары толық қамтылмады. Аудандағы Дайыр, Көкжыра, Қуаныш, Біржан, Сарытерек, Жарсу, Бақасу, Саржыра ауылдары 2022 жылы қосылуы керек еді, бірақ жоспар орындалмаған.

Бұған не себеп болды? Азаттық тілшісі Тасқын Болатұлы осы сұраққа жауап іздеп көрді 👇🏻

🔗СІЛТЕМЕ

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Ресей мен Украина соғыс кезінде депортацияланған балалар мәселесі бойынша алғаш рет бетпе-бет келіссөз жүргізді

Кездесу Дохада өтті, оған Қатар араағайын болды. Бұл туралы Ресейдің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Мария Львова-Белова хабарлады.

Оның айтуынша, тараптар Ресейден Украинаға 29 бала, ал Мәскеуге 19 бала қайтады деп келіскен. Омбудсмен тізім бекітіліп қойғанын хабарлады.

Киев соғыс басталғалы Ресейге немесе оккупацияланған аймақтарға 19 мыңнан астам бала күштеп әкетілді деп мәлімдеген. Львова-Белова мұны жалған ақпарат деп атады.

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
💬 Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі журналист Жәмила Маричеваны ұстау себебін түсіндірді Полицияның хабарлауынша, ProTenge жобасының негізін қалаушы Жәмила Маричеваның үстінен Әкімшілік кодекстің 456-2-баптың 3-тармағы ("Жалған ақпарат орналастыру…
🗣 "Құқықтық медиа орталықтың" заңгері Гүлмира Біржанова Азаттыққа берген пікірінде мәдениет және ақпарат министрлігінің Асхат Ниязовтан кейін Жәмила Маричеваны да жауапқа тарту талпынысына таң қалуға болмайды деді

🗣 "Бірақ бұл жерде мұның қандай жағдайда болғаны көптеген сұрақ туғызады. Біріншіден, ол (полиция қызметкерлеріне) ертесіне баратынын айтқан және оған толық құқығы болды. Полиция бөліміне бірден алып кетудің қажеті жоқ еді. Әкімшілік кодекстің осы бабында ("Жалған ақпарат тарату") ондай жазылмаған. Екіншіден, жақында Азаттық пен СІМ-нің медиациялық келісімге келгені туралы жаңалық шықты, одан кейін қудалағаны түсініксіз, өйткені себеп жоқ қой" деді Гүлмира Біржанова.

🗣 "Мәдениет және ақпарат министрлігі жалған ақпарат тапқан болса, алдымен оны таратты деп санаған телеграм-арналардың авторларына, яғни Асхат Ниязов пен Жәмила Маричеваға шығып, оларды өшіруді сұрауы керек еді. Егер Жәмила келіспесе, онда олар ақпаратты құқық қорғау органдарына жібере алады. Бірақ мұндай хабарлама болған жоқ" деді Біржанова.

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Адам құқықтары "бұрынғыдай негізсіз шектелді". Amnesty International есебіндегі Қазақстан

"2023 жылы күллі әлемде адам құқықтары ахуалы бойынша кері кету байқалды. Қазақстанда пікір білдіру, бейбіт жиын өткізу мен бірлесу құқығы бұрынғыдай негізсіз шектелді".

Amnesty International құқық қорғау ұйымы 24 сәуірде жарияланған адам құқықтары жөніндегі жыл сайынғы баяндамасында осылай дейді.

Ұйым өз есебінде 155 елдегі адам құқықтарының 2023 жылдағы ахуалына шолу жасаған.

🔸 Баяндаманың Қазақстанға арналған бөлімінде былтыр сотқа жеткен Қаңтар оқиғасы бойынша істер, саяси себеппен қудаланған белсенділер және азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарының жай-күйі талданған.

🔸 Amnesty International Қаңтар оқиғасынан кейін азаптауға байланысты қозғалған көптеген қылмыстық іс "дәлел жоқ" деген себеппен қысқарғанына назар аударған.

Кейбір істер "билік өкілетін асыра пайдалану" тәрізді жеңіл баптарға ауыстырылды, енді бірі күдіктілердің айыбын мойындап, жәбірленушілермен келісімге келуіне байланысты тоқтатылды.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тасқын аяқталған соң кейбір ауыл басқа жерге көшіріліп, жаңадан бой көтереді дейді

Тоқаев мұны 25 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясының "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты ХХХІІІ сессиясының отырысында айтты.

🗣 "Жол салынады, су тартылады. Ауылдарымыз мүлде жаңа келбетке ие болады. Жалпы әлемдегі үлкен дағдарыстардың қарқынды дамуға жол ашатыны белгілі" деді президент.

Тоқаев тасқыннан мыңдаған адам мал-мүлкінен айырылып, табыссыз қалғанын айтты. Оның сөзінше, мемлекет азаматтарды қолдау мақсатында нақты шаралар қабылдап жатыр.

🗣 "Зардап шеккен әр шаңыраққа бір реттік көмек беріледі. Бұдан бөлек, шығынды санағаннан кейін жойылған немесе зақымдалған мүлік үшін де өтемақы беріледі. Мемлекет бүлінген баспаналарды жөндейді, қирап қалған үйлердің орнына жаңасын салады" деді Тоқаев.

Тоқаев нақты қай аудандар көшетінін атамады, бірақ "өзен жағасына үй салу қауіпті, оны қайтадан су шайып кетуі мүмкін екенін ескерген жөн" деді.

Оның айтуынша, "құрылыс салатын жерді таңдағанда елді мекеннің гидрологиялық және географиялық ерекшелігін ескерген жөн".

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
Алматыда автобус аялдамадағы адамдарға келіп соғылып, үш адам қаза тапты. Оқиғадан тағы төрт адам жараланып, ауруханаға түскен. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті хабарлады. Полицияның ақпаратынша, оқиға 47-автобуста кешкі сағат 18:15-те болған.…
🗣 Алматыда автобус жүргізушісі соққыға жығылып, соның салдарынан үш адам қаза болған көлік апатына қатысты істе жарыссөз басталды

Прокурор "Бұзақылық" және "Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі не көлiк пайдалану қағидаларын бұзу" баптары бойынша айыпталған Дархан Ахметжановқа 8 жыл түрме жазасын сұрады. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлады.

ℹ️ Былтыр 22 желтоқсанда Алматыда N47 автобуста жолаушы жүргізушінің басынан ұрып, шопыр есінен танып қалған. Басқарусыз қалған автобус аялдама маңында тұрған адамдарды қағып, үш адам қаза болды. Оқиғадан тағы төрт адам жараланып, ауруханаға түскен.

Ақпаратқа қарағанда, айыпталушы жолақы төлеуді талап еткен жүргізушінің сөзіне наразы болған. Тоқтауға болмайтын жерде автобусты тоқтатуды талап еткен. Ал жүргізуші тоқтамаған.

Ахметжанов ашуланып, жүргізушіні балағаттап, бетінен екі рет ұрған. Бұдан соң жүргізуші талып қалған.

25 сәуірде мемлекеттік айыптаушы жарыссөзде айыпталушының кінәсі толық дәлелденгенін айтты.

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Атырау облысы Индербор кентінде екі бала өрттен көз жұмды

Облыстық төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, Индербор кентіндегі бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерде өрт шығып, 2014 және 2017 жылы туылған екі бала қаза болды. Екі ересек адам ауруханаға түсті.

Балалардың анасы мен 1994 жылғы жолдасы ес-түссіз табылды. Зардап шеккендерді аудандық аурухананың жансақтау бөліміне апарған.

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 24 жастағы Төрехан Әбутәліп сәуірдің басында жұмыс орнында қаза тапты. Qazaq stroy компаниясының тапсырысымен салынып жатқан көп қабатты үйдің құрылысында жүрген ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен.

Төреханның қазасы осы құрылыс басындағы алғашқы өлім емес. Былтыр тамызда 1995 және 2003 жылғы екі жігіт 15-қабаттан құлап мерт болған.

🔸 Qazaq stroy құрылысты R.K.QURYLYS атты компанияға тапсырған. Мердігер компания тұрғын үйдің қасбетін істетуге кәсіпкер әрі бригадир Иса Назарқұлов пен оның жұмысшыларын тартады. Биыл 12 сәуірде Астана соты екі жігіттің қазасы бойынша үкім шығарып, қырғыз азаматы Назарқұловты үш жылға соттады.

Марқұмдардың туыстары "құрылысқа жауапты ірі компаниялар да сотқа тартылса" дейді.

🔸 Сотталған бригадирдің ағасы үкімге апелляциялық шағым түсіру үшін Қырғызстаннан Астанаға арнайы келді. "Інім жазықсыз сотталып кетті" дейді ол.

Құрылыс басындағы қайғылы жағдай бойынша Азаттыққа жауап беруге мердігер компаниядан ешкім шықпады. Телефон арқылы да ақпарат беруден бас тартты.

🔗Сілтеме

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
📹 Қазақстан мен Ұлыбритания сыртқы істер министрлерінің келіссөздері басталды Ресми ақпаратқа қарағанда, Мұрат Нұртілеу мен Дэвид Кэмеронның шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді, екіжақты құжаттарға қол қойылады. Азаттық түсірген видеода…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ "Қазақстанға бізді ғана таңда демейміз". Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронмен сұхбат

Орталық Азия елдерін аралаған Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға да келді. Астанада Қазақстан сыртқы істер министрімен және ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен Кэмерон Ұлыбритания премьер-министрі кезіндегі сапарын еске алып, елде содан бері көп өзгеріс болғанын айтты.

Сапар соңында Лондон өкілі Азаттыққа шағын сұхбат берді.

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тасқын аяқталған соң кейбір ауыл басқа жерге көшіріліп, жаңадан бой көтереді дейді Тоқаев мұны 25 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясының "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты ХХХІІІ сессиясының отырысында айтты. 🗣
🗣 Тоқаев "қоғамда алауыздық тудыратын кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қоюға" уәде берді

25 сәуірдегі Қазақстан халқы ассамблеясының "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты 33-сессиясының отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев "билік елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шара қолданады. Кім айтса да, мұндай бағыттағы түрлі қитұрқылық пен пәлеқорлықты қоғам қатаң сынға алады, құқық қорғау органдары да соған сәйкес әрекет жасайды" деді.

Тоқаев өз сөзінде "табиғат апатына қатысты дүрбелең тудырып, байбалам салу, билікті орынсыз айыптау қоғамды ортақ іске ұйыстыруға бөгет болатынын" атап өтті.

Бұл "мемлекеттік органдар ахуалды уысынан шығарып алды деген жалған ұғым қалыптастырады" деді. Бұл тұста ол бұқаралық ақпарат құралдары мен "өздерін блогер санайтын" кейбір азаматтарды еске салды.

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
🗣 "Құқықтық медиа орталықтың" заңгері Гүлмира Біржанова Азаттыққа берген пікірінде мәдениет және ақпарат министрлігінің Асхат Ниязовтан кейін Жәмила Маричеваны да жауапқа тарту талпынысына таң қалуға болмайды деді 🗣 "Бірақ бұл жерде мұның қандай жағдайда…
💬 Журналист Маричеваның ұсталғанына байланысты мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева реакция білдірді

Оның сөзінше, министрлік медиа-кеңістікте мониторинг жүргізіп, Жәмила Маричева негізін қалаған ProTenge телеграм-арнасында "ақпарат таралу фактісін анықтаған", ал оны журналист Асхат Ниязов бөліскен. Балаева кейін оны мемлекеттік органдар теріске шығарды дейді.

🗣 "Бұл материал дәйексіз деп танылуы мүмкін басқа материалдармен бірге бағалау және тиісті әрекет ету үшін ішкі істер органдарына жіберілді. Одан әрі құқықтық баға беру, тиісті шаралар қабылдау олардың құзыретіне жатады. Қазір іс материалдары әкімшілік сотқа жіберілді" деп жазды министр Facebook-тегі парақшасына.

Балаеваның сөзінше, мәдениет және ақпарат министрлігінің полиция әрекетінің заңдылығы мен негізін бағалауға құқығы жоқ.

🗣 "Бұл "министрлік берген талаптар" деп хабарлау дұрыс емес, мұндай мәлімдемелер шындыққа жанаспайды" дейді ол.

Балаеваның жазуынша, министрлік "журналистерді Қазақстан заңнамасын бұзбаған жағдайда әрдайым қорғауға дайын".

hottg.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
HTML Embed Code:
2024/04/25 12:35:11
Back to Top